Ара шағып, есін жоғалтқан: Шымкентте автобус жүргізушісі көлікпен жолаушылар жолағына шығып кетті
Шымкентте маршруттық автобус тротуарға шығып кетті. Оқиға орнына тәртіп сақшылары жедел жеткен. Көлік компаниясы апатқа қатысты түсініктеме берді.
Бұл туралы Otyrar.kz өзінің Telegram-арнасында хабарлайды.
Оқиға қаладағы Рысқұлов пен Бауыржан Момышұлы көшелерінің қиылысында, қала базарларының бірінің жанында болған. Басылымның хабарлауынша, автобус жолдан шыққан кезде жаяу жүргіншілер жолағында ешкім болмаған. Салонда ешкім зардап шеккен жоқ.
Оқиға орнына келген полицейлер жол-көлік оқиғасының барлық мән-жайын анықтайды. Ал тасымалдаушы компания жүргізушіні ара шағып алғанын, содан кейін ол есін жоғалтқанын айтты.
"Оқиға кезінде автобус жүргізушісін ара шағып алған, ол өзін нашар сезініп, есін жоғалтқан. Жолаушылардан ешкім зардап шеккен жоқ", - деп хабарлады "ТТК” ЖШС.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”