Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Әр сөзді айтарда ойлану керек": Украиналық әнші Светлана Лобода Jah Khalib-пен дуэт айтудан бас тартқанын растады

Украинаның танымал әншісі Светлана Лобода қазақстандық әнші Jah Khalib-пен дуэт жазбайтынын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.  

Фото: Өнер иелерінің жеке парақшасынан алынды

Өнер иесі Тимур Балымбетовке берген сұхбатында даулы мәселеге де тоқталып, әншінің көзқарасын сынады. 

“Ән әлемінде жүргендіктен әріптестеріңмен бірге дуэт жазуға тура келеді. Кез келген әншімен дуэт орындамайтынымды бәрі біледі. Әріптесімді бірнеше мәрте сыннан өткіземін. Ұзақ зерттеймін. Алдымен, әнші адам ретінде айналасына сыйлы болуы керек. Еліміздегі кейінгі жағдайларға байланысты, біреумен жұмыс істерде мың ойланамын. Талдау жасаймын. Ол қандай адам, қандай ниетте жұмыс істегісі келіп тұр” деген сияқты сұрақтарға жауап іздеймін. Бір күні сенген адамың сеніміңді ақтамаса, қатты өкініп қалуың мүмкін. Сырттан келген адамды сканерден өткізетінімді жасырмаймын”, – деді украиналық әнші. 



Сондай-ақ тыңдарманын қазақстандық әнші Jah Khalib-пен дуэт орындаймыз деп қуантып қойған өнер иесі әріптесімен байланыс үзгенін жасырмады. Айтуынша, оған рэпердің зорлық-зомбылық туралы айтқан сөздері себеп болған. 

“Әріптесім, Jah Khalib-ке қатысты дауды естідім. Маған бірнеше жыл бұрын болған деп айтылды. Бірақ ол былтыр ғана айтылған ой екен. Онымен дуэт жазғым келмей қалды. Болашақта да жазбайтын сияқтымыз. Оған бірнеше себеп бар. Шет-жағасын өзіңіз де айтып отырсыз. Қазір әр айтылған сөзіңе жауап беретін заман. Бір нәрсені айтар алдында жақсылап ойлану керек. Оның нақты не айтқанын білмеймін. Бірақ адам қалжыңдаса да, сөзіне жауап беруі керек. Кешірім сұрап, қателескенін мойындауы керек", – деді өнер иесі. 

Еске салайық, "Дұрыс емес киінгендіктен" деп зорлық-зомбылықтың себебін қыздарға жаппақ болған ерлердің подкасты желі қолданушыларының шамына тиді. 

Талқылау