Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Jah Khalib-тің Кишиневтегі концерті оның зорлық-зомбылық туралы сөзінен кейін өтпейтін болды

Қазақстандық рэпер Jah Khalib-тің Молдава астанасы Кишиневте  өтетін концерті оның зорлық-зомбылық құрбандары туралы айтқан сөзінен кейін болмайтын болды. Бұл туралы 27 сәуірде Summer Fest ұйымдастырушылары айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі NewsMaker-ке сілтеме жасап. 

жак халиб

Бұған дейін белсенділер Jah Khalib өнер көрсетуін қаламайтындарын айтып, үндеу жасаған болатын. Алайда ұйымдастырушылар бұл шешім аяқ асты қабылданбағанын, бұл туралы бұрын хабарлауға мүмкіндік болмағанын айтты. 

"Соңғы оқиғалар мен жаңалықтарға байланысты Jah Khalib-тің жазғы фестивальдегі концерті тоқтатылды. Күрделі логистикалық және құпия факторларға байланысты біз бұрын қабылданған шешімді ресми түрде жариялай алмадық. Мұндай іс-шараны ұйымдастыру үлкен күш пен ұзақ дайындықты қажет етеді және кез келген шешім импульсивті түрде өзгермейді", - делінген ұйымдастырушылардың хабарламасында.

Бұған дейін "Зорлық-зомбылықсыз өмір" ұлттық коалициясы мен актер Кэтлин Лунгут Кишиневте Jah Khalib-тің өнер көрсетуін тоқтатуға шақырған. Рэпер зорлық-зомбылық жасайтындарды ақтады деп айыпталды. Екі жыл бұрын RUH FOOD YouTube арнасында жарияланған ORTA подкастында рэпер "дұрыс емес киім" зорлаудың себептерінің бірі екенін айтқан. 

Еске сала кетейік кетейік, рэпер орамал тағып, жабық киінген қыздар, орамалсыз, дұрыс киінбей жүретін қыздардан қарағанда өздерін қауіпсіз сезінеді. Бүгінде белең алып тұрған зорлық-зомбылыққа қатысты мәселенің бір фактісі – қыздардың дұрыс киінбеуіне тікелей байланысты екенін айтқан еді. 

Талқылау