"Әр қыздың арманы": Абай Бегейдің қызы енесі дайындаған жатын бөлмесін көрсетті
16 жасында тұрмыс құрған әнші Абай Бегейдің қызы келін болып түскен үйін көрсетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: https://www.instagram.com/symbatabaikyzy/
Өнер иесінің ортаншы қызын алып қашып кеткен еді. Алайда жұлдызды әке қарсы болып, қолдан ұзатып берді.
“Келіндік өмірдегі алғашқы күнім. Мен түскен әулетте қазақы салт-дәстүрді өте керемет ұстанған. Жас түскен келін бастапқы уақытта қазақша киімдерін киіп, күміс әшекейін тағып, “мешіт орамалын” тағып, таңертең ерте тұрып, дастарханын жасап, шайын қойып үйдегі адамдарды дастархан басында күтеді. Келгенде алғашқы таңғы сәлемін салып, ыстық шайын құйып береді. Сонымен қатар үйге келінге құтты болсын айтып, шашу шашып, кез-келген уақытта қонақ келуі мүмкін, сол уақытта келін осылай әдемі болып жүруі керек екен”, – деп жазды жас келін.
-
"4 айдан кейін 17 жасқа толады": Абай Бегей қызының құдалығына қатыспады
-
"Менімен танысқанда 9 жаста еді": Абай Бегейдің әйелі қызын қимай жылап қалды
Сонымен қатар енесі мен абысыны дайындаған бөлмені де көрсетіп, рақметін айтты.
“Мені осылай күтіп алды. Әр қыздың арманы. Маған қажет барлық дүниені жинапты. Келіннің шай құйғанда киетін көйлектерінің неше түрлісі бар. Өзіме де осы образбен жүрген ұнап жатыр. Өмірімнің ең ұмытылмас, қайталанбас, қызық кезеңдерін бастан кешіп жатырмын. Ертең Алматыға оқуға кеткенде осындай болып жүретін кездерімді сағынатын шығармын. Менің абысынымның айтуынша, ол да жаңа түскен кезінде осылай жүрген екен. Сондықтан да, Алматыға кеткенше мені осындай образбен көресіздер”, – деді блогер.
Еске салайық, Абай Бегейдің су жаңа құдағиы халыққа үндеу жасағанын жазған едік.