"4 айдан кейін 17 жасқа толады": Абай Бегей қызының құдалығына қатыспады
Қызын ұзатып, су жаңа құда атанған Абай Бегей қызының құдалығына қатыспай қалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Жеке парақшадан алынды
Өнер иесінің екінші қызын алып қашып кетіп, кейін әнші қайтарып әкелген еді.
“Әртүрлі әңгімелер болып жатқанын байқап отырмын. Тілектеріңізге, көңілдеріңізге рақмет!”, – деп жазды әнші.
Желі қолданушылары қыздың әлі 18 жасқа толмағанын жарыса жазып жатыр. Алайда әншінің блогер қызы Гүлеркем Ниязқұлова халыққа үндеу жасады.
“Бүкіл ел Сымбаттың жасын талқылап жатыр екен. Ол 4 айдан кейін 17 жасқа толады. Елде басқа мәселе қалмаған ба?! Жастарға бақыт тілеңіздер! Сымбатымыз “Сырғалым” атанып, ақ келін болып жатыр”, – деп жазды блогер қыз.
Еске салайық, жұлдызды әке қызын алып қашып кеткен әулетке ренішін жеткізген еді.
Баланы бұрышқа тұрғызу тәрбие ме, әлде психологиялық зорлық па
Тәрбиеші: Баланың әрқайсысының мінезі әртүрлі болғандықтан, олардың арасындағы жанжал мен төбелестің алдын алу оңай емес
Әйелімнен таяқ жедім деген қазақстандық ер адам әділдік іздеп жүр
Ержанның айтуынша, қызы есейген соң анасының жағына шығып, екеуі бірге өзіне қол көтеретін болған