Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Аптап ыстық болады: Синоптиктер ауа райы болжамын ұсынды

"Қазгидромет" синоптиктері 27 тамызға арналған ауа райы болжамын жариялады.

Қазақстанда 45 градусқа дейін ыстық болады

Қазақстан аумағының басым бөлігінде жауын-шашын күтілмейді, тек солтүстікте, солтүстік-батыста, оңтүстік-шығыс пен оңтүстіктің таулы аймақтарында атмосфералық фронталды бөліктердің өтуімен жаңбыр жауады, найзағай ойнайды.

Республикада желдің күшеюі күтіледі, солтүстікте, оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында бұршақ жауады.

Түркістан, күндіз Жамбыл, Алматы таулы аймақтарында, Батыс Қазақстанның оңтүстік-батысында, Қостанайдың солтүстігінде, Солтүстік Қазақстан облыстарының солтүстік-батысында, солтүстік-шығысында найзағай күтіледі. Секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел соғады.

Күндіз Алматы, Атырау, Ақтөбе облыстарының көп бөлігінде, Қостанайдың оңтүстігінде Батыс Қазақстан, Маңғыстау облысында қатты аптап ыстық сақталады.

Мөлдір Төлебай
Бейсенбі, 26 Тамыз, 2021 19:38
Талқылау