"Көз тамыры жарылып кетті": Қолданушылар Apple Vision Pro көзілдірігін жаппай қайтарып жатыр
Apple Vision Pro кеңейтілген шындық көзілдірігін сатып алған америкалық пайдаланушылар қолдану кезіндегі ыңғайсыздыққа байланысты дүкендерге кері қайтарып жатыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі The Verge порталына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: infocity.tech
Apple Vision Pro көзілдірігі адамда бас ауруы мен жүрек айнуын тудырады. Сондай-ақ пайдаланушылар құрылғыдағы негізгі жүктеме бастың алдыңғы бөлігіне түсетінін айтып шағымдануда.
Жаңа құрылғыны қолданушы Паркер Ортолани гаджетті пайдалану кезінде "көз тамырларының жарылуын" бастан өткергенін айтты. Сонымен бірге ол көзілдірік кию тым ыңғайсыз болғанын атап өтті.
Айта кетейік, Apple Vision Pro көзілдірігінің сатылымы АҚШ-та 2 ақпанда басталды. Құрылғының Қазақстандағы бағасы 2 миллион 936 538 теңгеге дейін. Ал АҚШ-тағы бағасы 3899 доллар.
Еміне 1,5 миллиард теңге қажет: Қазақстандық 7 жасар баланың бұлшықеттері әлсізденіп, жүруі қиындаған
Дәрігерлер қателесіп, 4 ай бойы баланы бауыр фиброзынан емдеген
Қазақстан әйелдерінің үйдегі тегін еңбегінің құны қанша: Есептеп көрдік
Оқырман: "Әйелдер де күнделікті тұрмыстан шаршайды, кейде демалып алғысы келеді"