Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Apple компаниясы енді жыл сайын iPhone-ның 5-6 үлгісін қатарынан шығарып отырмақ

Фото: Getty Images

Apple компаниясы жыл ішінде бірнеше рет 6 iPhone үлгісін қатарынан шығаруды жоспарлап отыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Bloomberg басылымының журналисі Марк Гурманның мәліметінше, Apple компаниясы iPhone моделдерін шығару жоспарын түбегейлі өзгертпек.

Компания алдағы үш жыл ішінде үш толық жаңа модель шығаруды жоспарлап отыр. Олар арасында алғашқы бүктелетін iPhone және 2027 жылғы жаңа флагман бар, оның камерасы экран астында орналастырылады.

Жаңарту 2025 жылдың күзінде iPhone Air және iPhone 17 Pro-ның шығуымен басталды. Енді Apple инновациялар қарқынын жеделдетуді жоспарлап отыр.


Жаңа iPhone 17 сатып алу үшін қазақстандықтарға қанша күн жұмыс істеу қажет


2026 жылдан бастап Apple мына модельдерді шығармақ:

- 2026 жылдың күзінде: iPhone 18 Pro, iPhone 18 Pro Max және бүктелетін iPhone;

- 2027 жылдың көктемінде: iPhone 18, iPhone 18e және iPhone Air. 

Осылайша, компания жыл сайын 5–6 жаңа модель шығарады, бұл әзірлеушілерге, маркетингке және жеткізушілерге түсетін жүктемені азайтып, кірістерді маусымдық түрде теңестіруге мүмкіндік береді. Көктемгі релиздер бағдарламалық қамтамасыз ету үшін де маңызды болмақ:iOS 26.4-пен бірге жаңа Siri таныстырылады.

Гурманның пікірінше, екінші iPhone Air сату көрсеткіштерінің төмендігіне қарамастан кейінге қалдырылған жоқ. “Air” технологиялық эксперимент ретінде және бүктелетін iPhone-ға өту жолындағы аралық буын ретінде жасалған.

Дана Русланқызы
Дүйсенбі, 17 Қараша, 2025 21:51
Талқылау