АПЛ-да ойнайтын өзбек футболшысы Абдукодир Хусанов Ташкентте үйлену тойын өткізді
Фото: REUTERS / Phil Noble
Өзбекстан құрамасы мен "Манчестер Сити" клубының қорғаушысы Абдукодир Хусанов 2025 жылдың 27 мамырында Ташкентте үйлену тойын өткізді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Салтанатты шара ұлттық дәстүр бойынша "палов" рәсімімен басталды. Бұл – өзбек халқының отбасылық өмірге қадам басуын білдіретін маңызды дәстүр.
Той шағын ауқымда өтті. БАҚ мәліметінше, шараға Өзбекстанның белгілі тұлғалары мен жоғары лауазымды қонақтар қатысқан. Алайда Хусановтың "Манчестер Сити" клубындағы әріптестері бұл мерекеге келе алмады.
Бұған дейін, наурыз айында, Абдукодир сүйіктісіне арналған романтикалық "Marry Me" рәсімін ұйымдастырған еді. Бұл сәт те бұқаралық ақпарат құралдарында кеңінен жарияланды.
Үйлену тойынан кейін футболшы Біріккен Араб Әмірліктеріне аттанып, алдағы матчтарға дайындық жүргізу үшін Өзбекстан құрамасына қосылды.
Айта кетейік, Абдукодир Хусанов “Манчестер Сити” сапына қысқы трансферлік терезе кезінде француздық “Ланс” футбол клубынан ауысып келген еді. Ағылшындықтар өзбек ойыншысын 40 миллион долларға сатып алған еді.

"Есік-терезе жақтаулары бүлінген, едені тесік": Алматылық RAMS Qazaqstan-нан 85 миллион теңгеге алған пәтеріне шағымданды
