Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Апелляциялық сот Серік Күдебаевқа қатысты үкімді өзгеріссіз қалдырды

Алматы полиция департаментінің бұрынғы басшысы Серік Күдебаевтың үкімі өзгеріссіз қалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

күдебаев

1 шілдеде Жетісу облыстық сотында Серік Күдебаевтың ісіне қатысты апелляциялық шағым қаралған. Дегенмен үкім өзгеріссіз қалды. 

Айта кетейік, Күдебаев 10 жылға сотталған еді. Ол жазасын қауіпсіздігі орташа деңгейдегі мекемеде өтейді. 

Бастапқыда Күдебаевтың қорғаушылары апелляциялық шағымды жабық режимде қарауды сұраған. Алайда сот ұжымы ашық режимде қарады. 

Бұған дейін Күдебаевтың ұсталып, Ыстамбұлдан Қазақстанға арнайы ұшақпен жеткізілгені хабарланған болатын. Кейін бас прокурор Берік Асылов Күдебаевтың ұсталғанын ресми түрде растады.

58 жастағы полиция генерал-майоры Серік Күдебаевқа қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланды деп айып тағылған. Тергеу мәліметтері бойынша, ол 2022 жылғы қаңтардағы тәртіпсіздіктер кезінде Алматы облысының коменданты бола тұрып, полиция департаментінің ғимаратынан шығып кеткен. Тәртіпсіздікке қатысушылар ғимараттағы қару-жарақты қолды қылған.

Серік Күдебаев Алматы облысының полициясын 2020 жылдың қаңтарынан 2022 жылдың қаңтарына дейін басқарды. Бұған дейін ол Алматыда алты жылдан астам осындай қызметте болған.

Талқылау