Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Апатқа ұшыраған Ан-148 бортында қазақстандықтар болған жоқ

11 ақпан күні Ресейде апатқа ұшыраған Ан-148 ұшағында болған жолаушылар арасында Қазақстан азаматтары жоқ. Бұл туралы ҚР СІМ баспасөз қызметінің жетекшісі Әнуар Жайнақов хабарлады.

«Алдын ала мәлімет бойынша, Ресейдің Мәскеу облысында апатқа ұшыраған Ан-148 ұшағында болған жолаушылар арасында Қазақстан азаматтары болған жоқ. Ресейдегі біздің дипломаттар жергілікті қызметтермен ұдайы байланысып отыр және жағдайды бақылауды жалғастыруда. Әуе апатында қаза болған барша жандардың отбасылары мен жақындарына қайғыра көңіл айтамыз», – деп жазды Әнуар Жайнақов желідегі парақшасында.

Айта кетейік, 11 ақпан күні Мәскеудің Домодедово әуежайынан көкке көтерілген Ан-148 жолаушылар ұшағы көп ұзамай радардан жоғалып кетті. Кейін ұшақ қалдықтары Мәскеу облысының Раменск ауданында табылғаны мәлім етілді.  «Саратов әуе желілері» компаниясына тиесілі ұшақтың бортында 65 жолаушы мен 6 экипаж мүшесі болды. Олардың барлығы ашал құшты.

Тағы оқыңыз:

Жапон самурайының ұрпағы 5 жылдан бері Алматыда тұрып жатыр

Тарихшы: Байзақ батыр елінің азаттығы үшін өмірін құрбан етті

Павлодар әкімінің орынбасарына дүкендегі картоптың түрі ұнамай қалды

Біріккен Араб Әмірліктері: Визасыз тәртіп жөнінде не білу керек?

 

Талқылау