Тарихшы: Байзақ батыр елінің азаттығы үшін өмірін құрбан етті

Тараздан 20 шақырым жердегі Алматы-Ташкент жолында Қазақстанның киелі 100 нысанының қатарына кірген Байзақ батыр кесенесі орналасқан. Әйгілі батырдың өлімі әлі күнге дейін тарихшылар арасында дау тудырып келеді, деп хабарлайды ҚазАқпаратқа сілтеме жасап Stan.kz.

«Байзақ батыр қоқандықтардың сес көрсетіп те, азаптап та өзінің сағын сындыра алмайтынын білді. Елі мен жеріне деген шексіз адалдығы ажалға алып келерін де білді. Алайда Байзақ батыр Қоқан ханының өзіне қандай өлім әзірлегенін білген жоқ. Бекініс қамалының үстіне зеңбірек орнатылып, Байзақ батырды зеңбірек аузына байлап, атып жіберді. Зеңбірек шығыс бағытқа, Әулиеата жаққа атылған», – деп жазады жамбылдық жазушы, зерттеуші журналист Амантай Айзахметов өзінің «Белые гуси Дикого поля, или Тайны запредельного мира» кітабында Байзақ батырдың жан түршігерлік өлімін сипаттап.

Деректерге сүйенсек, Байзақ батыр Мәмбетұлы 1879 жылы қазіргі Тараз қаласының маңында, заманында Абылай ханның серігі болған, аты, аңызға айналған Мәмбет Құндасұлы батырдың отбасында өмірге келген екен. Мәмбет батырдың сегіз ұлының бірі болған. Байзақ батырдың кіндігінен он жеті ұл тараған. Байзақ батыр өзінің беделінің арқасында дулат руының датқасы (басшысы) атанған.

ХІХ ғасырдың екінші жартысында қазақ даласының бір бөлігі Кенесары ханның басшылығымен Ресей патшалығына қарсылық танытса, екінші бөлігі Қоқан хандығының езгісінде болған еді.

«1821 жылы Байзақ қасына бауыры Бәйтеректі алып, сұлтан Рүстем Асфендиярұлы бастаған көтеріліске қатысады. Алайда екі жақтың күші тең болмағандықтан, олар жеңіліс тауып, көтеріліс жаншылып тасталды. Бірақ Қоқан ханы билікті сақтап қалу үшін, Байзақ датқаны әкімшілік өкілі ретінде тағайындаған. Осылайша ол халықтың өзіне қарсы көтеріліске шығуының алдын алғысы келген. Алайда ханның бұл жоспары орындалмады. Байзақ халықпен бірге артып келе жатқан салық көлеміне наразылық танытты», – дейді «Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық мұражайының аға ғылыми қызметкері Анна Крокошева.

1858 жылы Байзақ батыр салық төлеуден бас тартып, қазақтар мен қырғыздардың басын қосып, Қоқан ханына қарсы көтеріліске шықты.

«Байзақ қандай қадамға барғанын білді. Ол салық төлемінен бас тарту арқылы Құдияр ханның қаһарына ұшырады. Құдияр хан көтеріліске шыққандарға қарсы Әулиеатаға жазалаушы отряд жіберді. Алайда қоқандықтар көтеріліске шыққандардың қарсылығына төтеп бере алмай, кері шегінді», – дейді Анна Крокошева.

Мұнан кейін Қоқан ханы Байзақ батыр бастаған көтерілісшілерді басу үшін айлаға көшкен. Уақыт өте келе ол салық жинаушыларды артық алым алғаны үшін жазалағандай сыңай танытып, салық көлемін азайтты. Мұнан кейін ымыраға келуге ниеттенген сыңаймен Байзақ батырды өзіне шақыртқан. Алайда Байзақ Қоқан ханынымен кездесуден бас тартады.

Амантай Айзахметовтың нұсқасы бойынша, Құдияр хан Байзақ батырды Әулиеата бекінісінен шығару үшін, көршілес Шымкент жерін билеген Батырбек датқадан Байзақты көндіруін сұрайды. Батырбек датқа Байзақ батырға келіп, Қоқан ханының оған жаман ниеті жоқ екенін және патшалық генералы Колпаковскиймен келіссөзге жібергілері келетінін жеткізген.

«Бір нұсқа бойынша, Байзақ ескі досы Батырбек датқаға сеніп, Құдияр ханмен кездесу үшін Шымкентке барған. Мұнан басқа екінші нұсқасы да бар. Ол нұсқа бойынша, Құдияр ханды орнынан тайдырған Қоқан билеушісі Әлімқұл хан ол уақытта Шымкент горнизонына келген. Байзақ қасына бауыры Бәйтерек пен досы Жауғашты қосымша 48 жігіт ертіп, Шымкентке келеді. Қалаға келісімен оларды тұтқындаған қоқандықтар оның қасындағы серіктерінің түгел басын алып, батырды екі ай бойы зынданда ұстайды», – дейді Анна Крокошева.

Әкесінің жағдайына алаңдаған Байзақ батырдың ұлдары мың жігітті бастап, полковник Михаил Черняевтың әскерінің қатарына қосылып Шымкентке бет түзейді.

1864 жылдың қыркүйек айында шұғыл шабуылдың нәтижесінде Шымкент бекінісін алған оларға батырды тірі көру жазбаған екен. Қаланы тастай қашқан қоқандықтар шабуылдың алдында ғана Байзақ батырды зеңбіректің аузына байлап атады. Күл -паршасы шыққан батырдың тек екі саусағы ғана табылып, Әулиета маңындағы сақ қорғанына жерленеді.

Батырдың өмірін зерттеуші Амантай Айзахметовтың сөзінше, Ақмолда әкесі Байзақтың кегін алу үшін, оны өлім тұзағына түсіруге көмектескен Батырбек датқаның ауылына шабуыл жасамақ болады. Алайда полковник Черняев оны райынан қайтарған.

«Кез-келген адамның жаны алқымға тірелгенде, бар өмірі көз алдынан өтеді. Зеңбіректің аузына байланған Байзақ батырдың соңғы ойы не болды? Тірі қалуға еш үміт жоқ. Ол өз ұлдары жайлы ойлаған болар. Бәлкім, туған ауылын еске алды. Басқаша болуы мүмкін емес. Себебі ол өзінің туған жері үшін өмірін құрбан етті», – дейді Амантай Айзахметов.

Қазір тарихшылар «датқа» лауазымын иеленген Батырбектің Байзақ батырдың қоқандықтардың қолынан өлетінін болжай алмағаны жөніндегі сауал төңірегінде ой жүгіртуде. Оның өз досын бекініске шақырып, өлімге айдауы мүмкін бе? Бұл достың сатқындығы ма? Әлде өзінің де тұзаққа түскені ме? Тарихшылардың тарихи құжаттарды негізге ала отырып айтуынша, сол уақыттағы ру ақсақалдары Батырбектің сатқындығы туралы ақпаратқа сенбеген. Батырлардың арасында түсініспеушілік болғанымен, ақсақалдар мұндай сатқындықтың орын алғанына илана алмаған. Қазіргі уақытта тарихшылар дәл осы жұмбақтың шешімін табуға тырысуда.

«Байзақ – өз халқының нағыз патриоты. Ел ішінде беделді, сыйлы болған. Байзақ батыр дала халқы отырықшылыққа көшіп, егін шаруашылығымен айналысқанын қалаған. Ол және оның ұлдары арықтардың жүргізілуіне, су қоймасының салынуына ықпал еткен. Оның басшылығымен салынған Байзақ тоған, Базарбай тоған, Төрегелді тоған суару арықтарын Тараз және Тараз маңындағы аудандардың тұрғындары әлі күнге дейін пайдаланып келеді», – деген еді бір жыл бұрын қайтыс болған қазақ жазушысы, журналист, сенатор Арғынбай Бекбосын.

Байзақ батыр дүниеге келген ауыл тумасы Арғынбай Бекбосын өз кезінде ауданның бұрынғы Свердловский атауының орнына Байзақ батыр есімі берілуін ұсынған. Сарыкемер ауылының орталығында батырға арнап ескерткіш орнатылған. Ал Таразда қаланың орталық көшелерінің біріне батырдың есімі берілді.

Алматы-Ташкент жолындағы Байзақ батыр кесенесі бүгінде Қазақстанның киелі 100 нысанының қатарына кірді.

Айта кетсек, Қазақстанның киелі 100 нысанының қатарына Жамбыл облысындағы бірнеше тарихи-мәдени нысан енген. Олар – Тараз қаласы, Мерке және Жайсаң түркі ескерткіштері, Ақыртас кесенесі, Тектұрмас кешені, Қарахан кесенесі, Айша-бибі кесенесі, Бабаджа қатын кесенесі, Аңырақай шайқасының орны мен Байзақ батыр кесенесі.

Оқи отырыңыз:

Павлодар әкімінің орынбасарына дүкендегі картоптың түрі ұнамай қалды

Біріккен Араб Әмірліктері: Визасыз тәртіп жөнінде не білу керек?

Қорқыт ата Әзірбайжанда шығарылатын комикс кейіпкеріне айналады

13 жастағы бала Қазақстандағы ең үздік бүркітші атанды

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
15.12.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар