Апат болса құтқару көмегін тез шақырады: Қазақстанда жүргізушілерге SOS батырмасын орнату талқылануда
Фото: olx.kz
Қазақстанда көліктерге апат болған жағдайда тез құтқару көмегін шақыратын SOS батырмасын орнату бастамасы белсенді талқыланып жатыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хаарлайды.
Батырма апат немесе төтенше жағдай кезінде бір батырманы басу арқылы жедел қызметтерге хабар беріп, көліктің нақты орналасқан жерін жіберуге мүмкіндік береді.
Еуразиялық экономикалық комиссияның техникалық регламентіне сәйкес, N және M санатындағы барлық көліктер міндетті түрде төтенше жағдай шақыру жүйесімен жабдықталуы керек.
Индустрия министрлігінің мәліметінше, 2028 жылдан бастап мұндай жүйесі жоқ көліктер өз өндірілген елінен тыс жерде тіркеуден өтпейді.
-
Қазақстанда жол апатынан зардап шеккендерге берілетін сақтандыру төлемі екі есе артады
-
Қазақстан жол апатынан қаза тапқандар саны бойынша әлемде алғашқы үштікке кірді
SOS батырмасын орнату және сертификаттау арзан емес. Кей жағдайда кедендік рәсімдеудің төрттен бір бөлігіне дейін шығын кетуі мүмкін. Сондықтан көлік сатып алғанда қауіпсіздікпен қатар қаржылық жағын да ескеру қажет.
Төтенше жағдай шақыру жүйесінің маманы Алан Ерсайнның айтуынша, SOS батырмасын жиі жолға шығатындар мен қауіпсіздік жүйесі ескірген көліктердің иелеріне орнатқан дұрыс.
Республика күнінің маңызы не, мерекені не себепті қайтарды – Саясаттанушылар жауап берді