Апалы-сіңлі екі қызды 8-қабаттағы балконнан лақтырып жіберген: Қызылдағы оқиғаның мән-жайы белгілі болды
Ресейдегі Тыва Республикасының астанасы Қызылда үй маңынан 9 және 14 жастағы екі қыз әртүрлі жарақаттарымен табылды. Алдын-ала мәліметтер бойынша, оларды терезеден лақтырып жіберген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Фото: СУ СКР по Туве
Тергеу мәліметтері бойынша, Лопсанчап көшесіндегі № 37/3 үйдің жанынан 9 және 14 жастағы көптеген жарақаттары бар екі қыз табылды. Сегізінші қабаттан құлаған 9 жасар қыз оқиға орнында көз жұмса, 14 жасар қыз кейінірек ауруханада мерт болады.
Кісі өлтірді деген күдікпен республиканың Тес-Хем ауданының 23 жастағы тұрғыны ұсталып, қылмыстық іс қозғалды.
Қыздардың анасынан бөлме жалдап тұратын 23 жастағы Очур Санчат олардың туысы болған. Арасында балаларға қамқор болған. Оның айтуынша, бұлай істеуінің басты себебі қос қыздың оған бағынбай, пәтерден кеткісі келгендігі. Ол балалармен болған жанжалдан соң ашуланып, екі қызды балконның терезесінен лақтырып жіберген.
Бұл кезде қыздардың анасы үйде болмаған, ол жергілікті кафеде жұмыс істейтін.
Тыва Республикасы Қызыл қаласының тұрғыны "Вечерняя Москва" газетіне екі қызды өлтірген түні не істігенін айтып берді.
"Мен жарылысқа ұқсас қатты дыбыстан оянып кеттім. Қандай да бір апат болды деп ойладым. Бірақ бұдан соң түрлі айқайларды естідім. Балаларым ұйықтап жатқан. Жұбайымнан дыбыстың қайдан шыққанын тексеруді өтіндім. Айқайлаған дыбыстар қайталанған кезде мен бірден полицияға хабар беру керектігін түсіндім. Сыртқа шықпастан тәртіп сақшыларына хабарластым", — деп есіне алды әйел.
Ол балалардың даусын анық естігенін атап өтті. Не болғанын білгенде өте қатты таңғалғанын айтады. Сондай-ақ, көз жұмған қыздар мен оның анасын танитынын, 8-ші қабатта тұратынын жеткізді. айтуынша, аналары көп жұмыс істейтіндіктен туысқанына қаратып қойған.
Вконтакте желісінде Қызыл мэрі жариялаған жазбада терезеден лақтырылған екі қыздың балалар үйінен асырап алынғандығы айтылды.
Сонымен қатар, апалы-сіңлілердің анасы сотталған болып шықты. Ол Ресей ІІМ-нің Хакасия Республикасындағы кеңсесінде есепте тұрады. 2021 жылдың ақпан айында әйел оқуға байланысты Абаканға көшіп жатқандығы туралы арыз жазған.Бірақ құқық қорғау органдарына Қызылда болғаны туралы хабарламаған.
"Кәмелетке толмаған екі қыз Тоджа ауданында тұратын асырап алушының отбасында ресми түрде тәрбиеленіп жатқан. Алдын ала мәліметтер бойынша, асырап алған адамдар мен қыздардың анасы таныс болған, сондықтан қорғаншылық органдарына қыздардың туған анасына берілгені туралы хабарланбаған", — делінген хабарламада.
Күзден бастап жасөспірімдер өзінің анасымен бірге болған. РЕН ТВ-ның хабарлауынша, әйел жеті рет сотталған. Оның ішінде тонау және есірткі сақтағаны үшін жасаған қылмыстары бар.