Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әнуар Нұрпейісов: Саясатқа жақындаған сайын бақыттан алыстай түсесің

Танымал актер шетелде жаңа кәсіпті нәсіп қылып отырғанын айтып өзін қолдаған жандарды қуантты. Енді міне ол алдағы уақытқа жоспарларын бөлісті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Әнуар Нұрпейісов

«Көкейімде «Өмірде шын мәнінде не істегім келеді?» деген сұрақ туындады. Жауап белгілі – бақытты өмір сүру, кем дегенде бақытқа ұмтылу. Бірақ саяси ойындар ойнай бастаған кезде бақыттан алшақтай түсесің. Сол себепті мен тек шығармашылықпен айналысып, саяхаттағым келеді», - деді Әнуар Нұрпейісов. 

Әрі қарай актер ел мен шетелдегі мүмкіндіктерін өзара салыстырып көргеніне тоқталды. Осы орайда ол екіншісінің пайдасы басымырақ екенін жасырмады. 

«Неге әлемді араламасқа? Неге бір жерде өмір сүріп, жаңа бірнәрсені үйреніп көрмеске деген ой келді. Мен президент таңдай алмасам да, тұратын мемлекетті таңдай аламын. Әзірге Шри-Ланкаға көшіп келдім. Бұл – күн сайын маған тәнім рахмет айтатын мемлекет», - дейді ол. 

Естеріңізге сала кетсек, осы уақытқа дейін Әнуар Нұрпейісовтің БАҚ-тың қалай ақпаратты тексермей жариялайтынын көрсетіп ұялтқан болатын. 

Талқылау