Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әнуар Нұрпейісов атауы өзгерген Астанаға ән арнады 

Белгілі актер Әнуар Нұрпейісов елорда атауының қайта өзгеруіне ән арнады. Астана атауының қайтарылғанына қатты қуанған ол аталған туындыға клип те түсіріп үлгерген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Нұрпейісов "Время и стекло" тобының әніне жаңа сөз жазып алған. Әнде ол өткен үш жылдықты ұмыта салуға болатынын айтып, Астана атауының қайтарылғанына қуаныш білдіреді. 

Клип соңында: "Бір күні Фурманов көшесінде де той болады", - деген жазба бар. Естеріңізде болса, Алматыдағы Назарбаев көшесінің бұрынғы атауы Фурманов болатын. 

Ал Әнуардың туындысына қатысты желі қолданушыларының пікірі екіге бөлінді.


Салық әкімшілігі Мәдина Сәдуқасованың банктегі шоттарын бұғаттап тастаған


Бір топ актердің креативтілігін атап өтсе, екіншілер Нұрпейісовке "еріккен" деп баға берді. 

"Қаңтардан кейін бәрі сөйлеп, ән айтып кетті", "Енді ояндың ба?", "Саған ауыз ашуға болмайтын еді ғой", "Енді баспана бағасының өсуін тоқтатсаңыздар дұрыс болар еді", "Шри-Ланкаға билет сатып ал, сенің артыңнан шығып кетті", "Сен жақында Доминиканаға кетіп қаласың-ау", - деп жазды желі қолданушылары. 
 

Талқылау