Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Антикор Мәсімовтің іздеуде жүрген "бұрынғы күйеу баласы" туралы ақпарат бергендерге сыйақы ұсынатынын айтты

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Ресей азаматы Азамат Қапенов туралы ақпарат бергендерге сыйақы жариялады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Антикор

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті қылмыстық кодекстің 190-бабының 4-бөлігінің 3-тармағында көзделген ауыр қылмыс жасағаны үшін Ресей Федерациясының азаматын іздеп жатыр. Ол 1978 жылы 12 сәуірде туған Қырғызстан тумасы Азамат Қапенов. Оған қатысты "қамауда ұстау" бұлтартпау шарасы таңдалды.



"Іздестіріліп жатқан адамның орналасқан жері анықталған не ықтимал орналасқан жері туралы ақпарат болған жағдайда іздестіру бастамашысы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментіне (мекенжайы Өскемен қаласы, Лихарев көшесі, 2) келесі телефондар бойынша хабарлауды сұраймыз: кезекші бөлім 8 (7232) 29-88-88, іздестіру тобы, ұялы телефон 8-708-908-92-79, (немесе электрондық поштаға жазыңыз [email protected])”, – делінген хабарламада. 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет марапаттар мен анонимділікке кепілдік берілетінін айтты. 

Айта кетейік, бұған дейін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет агенттігі Кәрім Мәсімовтың экс-күйеу баласы Азамат Қапеновке 9 тамыздан бастап іздеу салғанын хабарлаған едік. 

Талқылау