Антикор Ақтау қалалық сотының төрағасына қатысты істің мән-жайын айтты
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Ақтау қалалық сотының төрағасына қатысты тергеудің мән-жайы туралы айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Агенттік мәліметінше, Ақтау қалалық сотының төрағасы мен жеке сот орындаушысына қатысты тергеу аяқталған.
"Олар алаяқтық жасады және сотталушыны үкім шығарған кезде жазасын жеңілдету үшін 20 млн теңге көлемінде пара беруге итермеледі деп айыпталуда. 5 желтоқсанда бас прокуратура айыпталушыларларға қатысты істі сотқа жіберді”, – делінген хабарламада.
Еске салайық, 2024 жылдың 7 маусым күні Ақтау қалалық сотының төрағасы Бауыржан Шайдуллин ұсталған еді.
"Тарифтер өсіп, мобильді аударымдарға бақылау күшейеді": 1 сәуірден бастап Қазақстанда не өзгереді
Сәуір айында болатын өзгерістерге шолу жасадық
Полиция бастығының қызы Олжас Сүлейменовтің немересін қалай қағып өлтірді: Қазақстандағы тағы бір атышулы жол апатын еске түсірейік
Үйленуді жоспарлап жүрген Ескендір Сүлейменов 26 жасында өмірден өтті