Антибиотиктерден реакция беріп, адам өліміне алып келуде: Министрлік оқиғаға қатысты түсініктеме берді

Елімізде қолданылып жатқан кейбір дәрі-дәрмектер кері әсер етіп, адам өліміне алып келуде деген ақпаратқа қатысты министрлік түсініктеме берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Бұл туралы онлайн брифинг барысында денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният жауап берді. Ол мұндай деректер елімізде тіркелмеді, тіркеле қалған жағдай болса, арнайы орталықта тексеру жұмыстары жүргізіліп, оқиғаның анық-қанығы анықталатынын айтады. 


"Егер антибиотиктерден ғана емес, басқа да дәрілерден реакция болса, медициналық мекемеде болсын, үйде болсын, дәрігерлерге хабарлану керек. Дәрігерлер тиісті орталыққа ақпарат береді. Дәрінің қалдығын алып тексеру жүргізеді. Неге реакция бергенін анықтайды. Сақ болу керек. Антибиотиктерді дәрігердің нұсқауынсыз, қолдануға болмайды", - дейді Ажар Ғиният. 

Осылайша вице-министр халықты негізсіз дәрі қолданбауға, дәрігердің нұсқауына жүгінуге шақырды

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр