Антарктидада 36 мың жаңа туған пингвин аштан қырылып қалды
Шығыс Антарктидада жаңа туған пингвиндер аштықтан қырылып қалған. 36 мың пингвиннен тек екеуі ғана аман қалды, – деп хабарлайды The Telegraph.
Жануарлардың жаппай қырылуының сеп болған – солтүстік мұздардың жылдам еруі. Ғаламдық жылынуға байланысты Аделиді мекендейтін жануарларға тамақ табу айтарлықтай қиындаған. Қорек іздеген жануарларға қонысынан алысқа ұзауға тура келеді. Салдарынан қорексіз қалған жас пинвиндер аштықтан қырылуда.
The Telegraph басылымының хабарлауынша, Антарктикадаға жануарлар ресурсын қорғау туралы комиссияның мүшелері 16 қазанда бас қосады. Олар ғаламдық жылыну, жануарларды сақтап қалу мәселелерін талқыламақ. Аталған комиссияның құрамында Еуродақтың мүшелерімен қатар 24 мемлекет бар.
Айта кетсек, солтүстік жарты шардағы пингвиндердің жаппай қырылуы алғаш рет орын алып отырған жоқ. Осыдан 4 жыл бұрын күннің күрт суытуының салдарынан 20 мың пингвин қырылып қалған еді.