Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әнші Сиви Махмудидің экс-күйеуіне қатысты істі сотта қарау басталды

Астанада танымал әнші Сиви Махмудидің бұрынғы күйеуіне қатысты сот басталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://vk.com/

Сот кабинетіндегі мәлімет бойынша, әншінің экс-күйеуі Аңсар Қажымұқанұлына қатысты қылмыстық іс Қылмыстық кодекстің 190-бабы 4-бөлігінің 2-тармағы бойынша қаралып жатыр.

Қазір іс Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының өндірісіне қабылдауға жіберілген. 

Басты сот отырысы 13 наурызда сағат 11.00-ге белгіленген. Іс Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының ғимаратында жалпы тәртіпте ашық сот отырысында қаралған. 

“Сот отырысы сотталушы мен оның қорғаушысы, мемлекеттік айыптаушының қатысуымен орыс тілінде өтеді, сотталушы Қажмұханұлы Аңсарға қатысты бұлтартпау шарасы өзгеріссіз қалдырылды. Сотталушыны қамауда ұстау мерзімі қылмыстық істі қарау аяқталғанға дейін ұзартылады”, – делінген сот кабинетінде. 



Еске салайық, әнші Сиви Махмудидің бұрынғы күйеуіне іздеу жариялаған еді. 

“Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Астана қаласы бойынша департаменті іздеуді жүргізіп жатыр”, – деп жазды Құқықтық статистика және арнайы есепке алу порталы. 

Одан кейін, Сиви Махмуди бұрынғы күйеуінің іздестірілуіне байланысты пікір білдірген еді. 

Талқылау