Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әнші Серікбол Сайлаубекке ота жасалып жатыр

Әнші Серікбол Сайлаубек ота үстінде. Әнші көзіне төртінші рет ота жасап жатыр.

Әнші Серікбол Сайлаубекке ота жасалып жатыр

"Ораза Айт қабыл болсын! Ертең, бұйырса, Серікбол мырзаның көзіне төртінші ота жасалады екен. Дұғада болайық! Бәрі аман-есен өтсін дейміз!", - деп жазды бір күр бұрын тележүргізуші Анна Данченко. 

Ол әншімен бірге түскен суретті парақшасында жариялады. Тележүргізуші ауруханада жатқан әншінің хәлін біліп қайтты.

"Бүгін көңіл күйімді көтеріп, біраз шер тарқатып, рухымды көтеріп кеткен жақындарым. Ораза айттарыңыз қабыл болып, дұға тілектеріңіз қабыл болсын! Ауырмаңыздар!", - деп жазды Серікбол Сайлаубек. 


"Ол адам емес, шайтан, қолыма түссе басын кесемін": Серікбол Сайлаубек досы туралы шындықты айтты


Желідегі көпшілік дұға жасап, сәттілік тіледі.

"Алла жар болсын саган бауырым", "Алла шипасын берсін! Қасиетті Рамазан айында тілеген дұға,тілегіңіз қабыл болып жазылып кетіңіз", "Сәттілік тілеймін, отаңыз Алланың қалауымен сәтті өтсін", "Бір Алла ем шипасын берсін", "Екі көзің де жақсы көріп кетуіне тілектеспін", - деп жазды желідегі қолдаушылары.


Серікбол Сайлаубек: Арманым - мына әлемді екі көзіммен бір сәт болса да көрсем деймін


 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр