Әнші Санда жеке өмірінің құпиясын ашты
Бірнеше рет ақ көйлек киіп, тыңдармандарын қызықтырған Санда өзінің тұрмысқа шықпағанын мәлім етті. Әнші қалыңдық көйлегін екі рет киген. Алайда оның бірі арнайы бейнеролик үшін таспаланса, екіншісі фотосессия үшін әзірленген болып шықты.
Бұл туралы НТК арнасының «Ревю» бағдарламасында айтылды.
«Продюсермен келісімшарттағы талаптарға біз де бағынамыз. Ол жерде белгіленген уақытқа дейін тұрмысқа шықпау және балалы болмау жайында тармақтар бар.
Егер сүйіктімді жолықтырсам, продюсерім маған түсіністікпен қарайды деп ойлаймын. Бірақ дәл қазір көңіл жарастырып жүрген жігітім жоқ», – деп мәлімдеді Санда.
Ал үш жылдан бері оған қамқорлық етіп жүрген танымал продюсер Ерік Тәстембеков тұрмысқа шығып, жұмыс тоқтаған жағдайда Санданың айыппұл төлейтінін алға тартты.
«Тұрмысқа шықтым екен деп жұмысты тастауға болмайды. Ал отбасылық өмір кедергісін келтіретін болса, бірден келісім-шарттағы талаптармен өтемақысын төлейтін болады», – деп атап өтті ол.
Айта кетейік, Санда продюсерімен жеті жылға келісім-шартқа отырған. Яғни, әншінің жуық арада тұрмыс құратын ойы жоқ.
Жіберіп алмаңыз:
Төреғалидің анасына арнаған бейнебаяны қазақстандықтардың жүрегін елжіретті (видео)
«Музарт» тобы жанкүйерлерінен көмек сұрады
Мақпал Жүнісова марқұм Нұрқаділовтың қызына арнаған соңғы әнін бөлісті (видео)
“KeshYou” тобы әнші Ақботаның орнын басқан қызды көрсетті (фото)