Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әнші Назима: Екі аптадан бері мені белгісіз ер азамат аңдып жүр

Танымал әнші Назима өзін әлдебір ер азаматтың екі аптадан бері аңдып жүргенін айтты. Әнші полицияға хабарласып, бейтаныс азаматты іздеуде.


Әнші Назима екі аптадан бері өзін белгісіз ер адамның аңдып жүргенін байқаған. Тіпті пәтеріне кірмек болған.

Назима оның көлігін көріп, нөмірлерін жазып үлгеріпті. Ойланбастан полицияға хабарласып, тәртіп сақшыларын шақырған.

"Кеше қорқынышты түн болды. Екі аптадан бері біреу есікті бұзып, үндемей, жауап бермей, кетіп қалады. Мен қатты қорықтым. 15 мамырда оның көлігінің нөмірін жазып алдым. Таңғы 5-ке дейін аңдығаным көршінің көлігі болып шықты. Бірақ түнде келіп кеткендерін мойындамайды. Қазір тексеріп жатыр", –  деді Назима.

“Сіз табысқа жетесіз. Мен сенемін. Ешкімді тыңдамаңыз. Сіз және сіз ғана өміріңізді өзгерте аласыз. Мүмкін, сіздің өміріңізде бір нәрсені өзгерту керек шығар. Ал мен өзгеріске дайынмын. Шығармашылыққа және өз бетіңізбен жұмыс істеуге, рухани өсуге, режимге, тыныс алу жаттығуларына және спортқа назар аударыңыз. Мен өзіме мұқият қарай бастадым. Мен өзімнің жақындарыма әрқашан қасымда болғандары үшін алғыс айтамын, сіздердің қолдауларыңыз да”, – деп жазды әнші. 


Талқылау