Әнші Луина тыңдармандарының сынына бола төсіне ота жасатпақ
Луина әндері мен бейнебаяндарының санын көбейтуді қойып, төсін жасанды жолмен ұлғайтпақ. Әнші тыңдармандардың сөзіне бола төсіне ота жасататынын Gakky арнасына берген сұхбатында айтқан.
“Мен бүгін өзіме төсімді 2-3 есе ұлғайту үшін ота жасайтынымды айтқым келеді”.
Бір қызығы, әншінің мұндай шешім қабылдауына тыңдармандарының денесіне қатысты сыны әсер еткен.
“Шынымды айтсам, желі қолданушыларының “су киімін қалай киіп жүр”, “ол қалай шешіліп кетпейді екен” сынды сөздерінен қатты шаршадым. Мұнымен қатар, төсімді ұлғайтуды бұрыннан бері армандап жүргенмін”, – дейді әнші Луина.
Әншіге мұндай шешім қабылдауға тек тыңдармандары ғана емес, жақын құрбылары да өз септігін тигізген.
“Менің мұндай ота жасатқан құрбыларым өте көп. Олар небәрі бірнеше күннің ішінде денсаулықтарын қайта қалпына келтіріп үлгерді. Бір айдан кейін спортпен айналыса бастады. Ал қазір бақыттан бастары айналып жүр”, – деп әнші құрбы-құрдастарының тәжірибесімен бөлісті.
Луина отаны небәрі бір күннің ішінде жасатып, сәуір айының екісі күні нәтижесін халыққа көрсететінін айтқан. Алайда мұның барлығы әншінің күлкі күніне орай айтылған әзілі болса керек-ті.
Естеріңізге сала кетсек, Луинаның әріптестеріне пародия жасап, елді таңқалдырғаны туралы хабарлағанбыз.