Әнші Қыдырәлі Болманов орденмен марапатталды

Танымал әнші әрі продюсер Қыдырәлі Болманов Бауыржан Момышұлы атындағы орденмен марапатталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Жағымды жаңалықты әнші әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті.
“Бүгін Бауыржан Момышұлы атындағы “Намыз” орденімен марапатталдық. Құрметті көрермен, бірінші алла, екінші сіздердің тілек-дұғаларының арқасы ғой. Алла разы болсын”, – деп жазған ол.
Сонымен қатар “Ұлытау” тобының мүшелеріне де арнайы төсбелгілер табысталды. Әншінің жұбайы Қарақат Әбілдина жолдасын және топ мүшелерін шын жүректен құттықтады.
“Ар-намысын бәрінен жоғары қоятын асыл жарымның дәл “Намыс” орденін алуы өте орынды әрі жарасымды марапат. Біз өте қуаныштымыз! Тілектеріңізге үлкен рақмет. “Ұлытау” тобы, өнерлеріңмен де, адамдық болмыстарыңмен де биіксіңдер. 27 жыл сахнада жүріп, алған алғашқы төсбелгілерің құтты болсын!, – деп жазды ол.
Айта кетейік, бұған дейін Қарақат Әбілдина атақ алуға қатысты жазба жариялағаны хабарланған еді.