Әнші Гүлнар Сиқымбаеваның жалғыз ұлы жоғалып кетті

Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Гүлнар Сиқымбаеваның жалғыз ұлы Баир Сиқымбаев із-түзсіз кетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ақпаратты журналист Жазира Бегалы әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті. Ақпаратқа сәйкес, бір аптадан бері Баир Сиқымбаев туралы ешқандай хабар жоқ. Жақындарының айтуынша, ол ерекше дауысы бар, көрікті әрі талантты азамат.
“Енді Баир қайда жүр екен? Келіншегі журналистерден көмек сұрапты. Менің қырағы оқырмандарым, әншінің жалғыз ұлын бірге іздейік. Мына ақпаратты бөлісіңіздер , көпшілікке таратып, суреттегі азаматты көрсеңіздер хабарласыңыздар деп жұдырықтай жұмылып іздейікші”, – деп жазды журналист.
Ашық дереккөздегі ақпарат бойынша, Баир 24 наурызда Алматыдағы Коперник көшесіндегі үйінен шығып, оралмаған. Үстінде қара спорттық киім болған.
"Бетіндегі меңіне ғашық едік": Бір топ шоу-бизнес өкілдері марқұм Гүлнәр Сиқымбаеваны еске алды
Еске салайық, 2024 жылы қазанда ҚР Еңбек сіңірген әртісі Гүлнәр Сиқымбаева дүниеден өткені хабарланған еді.
"Пасханы да, Ораза айтты да бірге тойламыз": Қазақстандық ару көпұлтты отбасындағы татулық пен ерекше дәстүрлері туралы айтты