Әнші Еркін Нұржанов Рамазан айының алғашқы жұмасында қызды болды

Танымал әнші Еркін Нұржанов қызды болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Өнер иесі сүйінші жаңалығын әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісіп, оқырмандарынан сүйінші сұрады.
“Жеткенде шүкір Алла шын асылға, Еркін балаң сүйінші сұрасын да. Эй, жақсылар, сүйінші, қызды болдым, Рамазанның алғашқы жұмасында”, – деді ол.
Өнер иесі бесінші қызының есімін Фирдаус деп қойған.
Сондай-ақ әнші болашақ сәбиінің жынысын білген сәтін бөлісті. Оның айтуынша, бірінші УДЗ-дан кейін жұбайымен бірге бірден шағын гендер-пати ұйымдастырған. Қуанышты сәтті ерлі-зайыпты екеуі ғана бөліскен көрінеді.
“Бұл видеоны бірінші УДЗ-дан кейін түсіріп қойғанбыз. Тіл-көз бар ғой деп салмап едік, енді салуға тура келді”, – деп жазды ол.
Бұған қоса, өнер иесі жазбасында марқұм анасы туралы да сөз етті. Оның айтуынша, анасы жүкті кезінде әкесінің көзіне түспеуге тырысқан. Бүгінде уақыт та, түсінік те бөлек дейді ол.
Анам (марқұм) тұңғышы маған аяғы ауыр кезінен, босанғаннан кейін маған 6-7 ай болғанда әкесінің (нағашы атам) көзіне әрең көрінген екен! Әлбетте ұялғанынан ғой. Мұны айтқаным, жай сол кезден қазірге дейін қаншалықты алға, қаншалықты артқа дамыдық екен деп ойлаймын. “Осы видеоны түсірерде келіншегіме жайлап осы әңгімені бастап көріп ем, “Туу қойшы, сен де шалға ұқсамай” деді. Қожанасыр айтқандай, “Ее, қатын, сенікі де дұрыс” дедім”, – деп бөлісті ол.
Айта кетейік, бұған дейін Еркін Нұржанов кубалық боксшы Алексис Рубалькабаның алдында ән шырқағаны хабарланған еді.
Қазақстандық төреші Олимпиадада ресейлік спортшының балын негізсіз көтеріп, өз елінің спортшыларына төмен ұпай қойған