Әнші Әсел Жамақаева орамал таққан қыздарды сынағандарға шүйлікті
“Ayumi” тобының бұрынғы мүшесі, әнші Әсел Жамақаева орамал таққан қыздарға араша түсті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
©instagram.com/asselya_zhamakayeva
Өнерден алыстап, дінге бет бұрып, отбасына көңіл бөлуді жөн санаған Әселдің айтуынша, ел назарында жүрген қыздардың орамал таққанында тұрған ештеңе жоқ. Қоғамда одан да басқа талқылайтын мәселе жетерлік.
“Қойсаңдаршы енді. Жынысын ауыстырған, боянып, тырғанын өсіріп, белдемше киіп жүрген еркектерді сөз қылыңдар. Міне, бұл нағыз бассыздық. Мұсыламан қыздарымыз қалай әдемі киініп жүр?! Қазір дизайнерлер көп және ешкім Араб мәдениетін дәріптеп жатқан жоқ. Керек десеңіз, қазір біз батыстың киімдерін киіп жүрміз. “Джинсты” қазақтар ойлап таппаған шығар”, – дейді өнер иесі.
Осы тұста әншінің өзі киімге байланысты ұсыныс тастады.
“Орамалды қыздарды сынағандардың өзі қазақтың ұлттық киімін кисін. Мен де алдағы уақытта ұлттық киімді дәріптейтін боламын”, – деді Әсел.