Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әнші Әміренің Жанар Дұғаловаға ғашық екені рас па?

Желі қолданушылары әнші Әміренің Жанар Дұғаловаға ғашық екенін айтып талқыға салды. Әр әрекеті көптің назарынан тыс қалмайтын әнші бұл жолы да сөзге қалды. 

Әнші Жанар Дұғалова желіде ерекше суретін жариялады. Желі қолданушылары оның сымбаты мен сұлулығына тәнті болып, пікір жаза бастады. Енді бірі өнерін бағалады. Оған тәнті болғандар қатарында өнер өкілдері де бар. 

Көпшілікпен қатар Әміре де Жанардың суретіне пікір білдіріп, жүрек белгісін қойды. Осыдан соң желідегі көпшілік оның Жанарға ғашық деп топшылап жатыр. 

“Сіз де Жанарға ғашықсыз ба?”, “Мәссаған, қалай кетті?”, “Мен олай ойламаймын, жүректе тұрған не бар?”, “Әміре Жанарға ғашық, мүмкін жақындықтары да бар шығар”, “Жанар екеуінің арасында ешнәрсе жоқ”, “Кішкентай нәрсені көлдей қылмаңдаршы”, “Жанарға бәрі ғашық. Онда тұрған не бар? Жақсы жарасар едіңіздер”, “Жанар екеуі жұп емес”, – деп жазды олар. 

Осындай қызу пікірталастан кейін де екі әншінің ешқайсысы пікір жазбады.


 

Мөлдір Төлебай
Дүйсенбі, 02 Тамыз, 2021 13:55
Талқылау