AAPL
141.66 $
2.45 %
TSLA
737.12 $
4.52 %
NDAQ
159.28 $
0.64 %
GOOGL
2359.5 $
5.11 %
FRHC
41.06 $
2.65 %
AAPL
141.66 $
2.45 %
TSLA
737.12 $
4.52 %
NDAQ
159.28 $
0.64 %
GOOGL
2359.5 $
5.11 %
FRHC
41.06 $
2.65 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әнші Ақбота-Нұр Сейітмағамбет марқұм анасын есіне алып, елді жылатты

Ақбота Сейтмағамбет марқұм анасына ән арнады. Әнші анасының туған күнінде естелік жазба жариялап, анасын еске алды. Көпшілік жұбату айтып, қолдау көрсетіп жатыр. 

Бұл туралы әнші желідегі парақшасында айтты. 

Әншінің айтуынша, анасының туған күніне орай ән арнаған. Алайда әнді шырқау қиынға соққан. Әнші марқұм анасына еске алып, әдемі естеліктерін жазды.

"Анашым туған күніңмен! Сағыныштан тағдырға бағындым ғой. Өзіңді анашым сағындым ғой. Көңілдің мұңын, жүректің үнін естимісің аяулы ана? Алтын анамның құрметіне "Анаға сағыныш" деген әнім шыққан. Сол әнді орындап шығуым қиынға соқты", – деп жазды ол.

Желі қолданушылары жұбату сөзін айтып, ақ тілегін жазды. 

“Анаңыздың жатқан жері жәннат болсын”, “Анаңыз көрмеген қызықты сіз көріңіз”, “Анаңыздан аумайды екенсіз, бақытты болыңыз”, “Сіз мықты қызсыз”, “Ананың орны ерекше, ананың орнын ешкім баса алмайды”, “Анаңыздың иманы жолдас болып, пейіште шалқысын”, “Мойымаңыз, тағдырға не шара”, “Адамға Алла көтере алатын сынақ береді”, – деп жазды олар. 

“Бізге жақсылыққf толы мол мүмкіндіктер күнде беріледі. Тәтті сәттер көз алдымыздан сағат сайын сырғуда. Санаулы минуттардың өзінде сыр бар. Өмір жолында жолыққан әр кейіпкер де дәл солай. Оның әрекеті, амалы, көңілі. Уақытты қайта айналдырсаң да, тура сол кезді, сол күйді, сол күнді қайтара алмассың. Уақыты бітіп, тағдырдың тәтті сыйы таусылғанда барып қолдағаның қадірін түсінеміз. Расында, Алланың бізге берген мол мүмкіндіктерін дұрыс пайдалана алмай жатырмыз”, – деп жазды әнші. 


Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр