Анна Данилина Уимблдон турнирін жеңіспен бастады
Фото: olympic.kz
Қазақстандық Анна Данилина мен оның чехиялық серіктесі Мария Бузкова Уимблдон-2025 турнирінің алғашқы айналымында сәтті өнер көрсетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Жұптық разрядтағы матчта олар Польша мен Мысыр теннисшілерінен құралған Алиция Питер / Майя Шериф дуэтін 6:3, 6:3 есебімен ұтты.
Бұл жеңіс Данилина үшін табысты серияның жалғасына айналды. Ол демалыс күндері Бузковамен бірге Истбурн турнирінде чемпион атанған болатын. Айта кетсек, Анна қатарынан төрт турнирде финалға жетіп отыр және әрқайсысында жаңа серіктеспен ойнап жүр.
Жұп осы жеңісінің арқасында Уимблдонның екінші айналымына жолдама алып, 26 000 фунт стерлинг (шамамен 14,5 миллион теңге) көлемінде сыйақыға ие болды. Алдағы қарсыластары алғашқы айналымдағы өзге ойындар аяқталған соң белгілі болады.
Талқылау

Қазақстандық блогерлер "лотереяға" тыйым салатын заңды айналып өтудің жолын тапты
Былтырдан бері 113 адам жауапқа тартылып, 50 миллион теңгеден астам айыппұл салынған екен

"Құс үркітіп сағатына 8 200 теңге таптым": Англияда жүріп 1 миллионнан аса айлық алатын қазақстандық жұмысы туралы айтып берді
Алтынай: "Қазақстанда пәтер ақысы, несие, бала-шағаға айлықты жеткізе алмай қиналатынымыз рас”