Англиялық ару өзбекке тұрмысқа шығып, қыстауға көшіп кеткен
Англиялық ару өзбекке тұрмысқа шығып, қыстауға көшіп кеткен, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Zarnews басылымына сілтеме жасап.
Джейн есімді англиялық ару өзбекстандық Нуруллохон есімді азаматқа тұрмысқа шығып, Ферғана облысындағы Эшонгузар қыстағына көшіп кеткен.
Жұп шетелде танысқанымен, той өзбектің салт-дәстүрі бойынша өткен. Британ қызы Джейннің ата-анасы перзенттерінің бұл шешімдеріне қарсы болмаған. Бүгінде олар қыздарына жиі барып тұратын көрінеді. Қыздың енесі Мухае келінінің атын Жаннат деп атап кеткен.
Европалық арудың айтуынша ол өзбектің әдет-ғұрпына тез үйреніп кеткен. Жас келін таңертең тұрып есіктің алдын сыпырып, үй жұмыстарын жасап, өзбектің ұлттық тағамдарын әзірлеуді үйреніп жүргенге ұқсайды.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”