Англия қытайлық көліктердің иелеріне шектеу енгізді
Фото: Мәскеу үкіметі мен губернаторының баспасөз қызметі/riamo.ru
Англияда қытайлық көлікке иелік ететін азаматтарға шектеу енгізілді. Британиялық журналистердің дерегіне сәйкес елдің қорғаныс министрлігі Пекин тарапынан жүргізілетін тыңшылыққа қатысты алаңдаушылық білдіріп отыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Әзірге қытайлық көліктердің қозғалысына тыйым салу мәселесі көтерілмеді. Алайда барлау қызметі мен қорғаныс өнеркәсібне қатысты ұйым қызметкерлеріне белгілі талаптарды ұстану қажеит. Мысалы, стратегиялық нысандар маңына Қытайда шығарылған көлікті қоюға және қуатту құрылғысын қолдануға тыйым салынады.
Сонымен қатар стратегиялық өнеркәсіп қызметкерлеріне ұялы телефонды қытайлық көлікке қосуға (тіпті қуаттау үшін де – ред.) болмайды. Ал көлікті нысаннан кем дегенде 3,6 шақырым жерде қалдырып кетуге тиіс. Қауіпсіздік шараларын BAE Systems, Rolls-Royce, Raytheon, Lockheed Martin және Thales компаниялары енгізді.
Британиядағы қорғаныс компаниясы басшыларының бірі шектеу енгізілгенін растады. Қытайлық көлік алғандарға арнайы нұсқаулық өткізіледі екен. Себебі елде Пекин көліктерді тыңшылық мақсатта пайдалануы мүмкін деп есептейді.
Ал соңғы жылдары тұтынушылардың басым бөлігі қытайлық брендтерді таңдайды. 2024 жылдың өзінде қытайлық маркалар нарықтың 5% қамтыған. 2025 жылдың алғашқы үш айында Британ корольдігіне 53,9 мың Қытай көлігі жеткізіліпті.

"Омыртқасы сынып, мүгедек болып қалды": Қытайда жүк тасушы компания қазақстандықтың биіктен құлауына себепкер болған
