Анджелина Джоли босқындармен кездесті (фото)
Атақты актриса Анджелина Джоли БҰҰ-ның ізгі ниет елшісі ретінде Грекияның Пирей қаласындағы босқындар лагеріне барып қайтты.
Сурет: nv.ua
Онда қазір шамамен 4 мың мигрант тұрып жатыр. Бұдан бұрын танымал жұлдыз Ливанда да болып, босқындармен кездескен еді. БҰҰ-ның мәліметі бойынша, елдегі мигранттардың 79%-ы – әйелдер мен балалар. Сапары кезінде Джоли әлемдік көшбасшыларды көші-қон ахуалын реттеу үшін өзара бірігуге шақырды.
“Босқындарға гуманитарлық көмек жеткізу бұл мәселенің шешімін табу емес. Түйткілдің түйінін тарқату үшін дипломатиялық күш салу қажет. Әлемдік қауымдастық мигранттарға көмектесу үшін аянбай еңбек етуі тиіс”, – Анджелина Джоли.
Талқылау