Анасы қызының төстартқышын шешіп жіберген сыныптасын ерекше әдіспен жазалады
15 жастағы қыздың төстартқышын шешкен оқушысы өз әрекеті үшін қатты өкінді. Себебі, қыздың анасы оны жақсылап сабасына түсірген болатын.
Бұл туралы best-fan.ru басылымы жазды.
Оқушылар үшін мектептегі тәлім-тәрбиенің маңызы зор. Десе де, тәрбие мәселесіне келгенде ақсап, оқушылардың шағымына бей-жай қарайтын ұстаздар бар. Мұндайда ата-аналардың араласпасына болмайды.
Мектептердің бірінде сыныптасы қыздың төстартқышына тиісе берген екен. Шыдамы таусылған оқушы алдымен ұстазына шағымданған. Ол бұл жағдайды бей-жай қалдырған соң, өзі жұдырықпен мұрнынан қатты ұрып жіберген. Мұны білген мектеп басшылығы қызды тәртіпке салып, жазаламақ болады. Алайда мектепке қыздың анасы келген соң жағдай өзгеріп сала береді.
Келіншек жедел жәрдемде медбике болып жұмыс істейді екен. Жұмыста әдетте оларға телефон пайдалануға тыйым салады. Сол себепті, мектеп директоры тікелей ауруханаға хабарласуға мәжбүр болған.
Ұстаз: Мектепте оқыс жағдай болды. Оған сіздің қызыңыздың қатысы бар. Тезірек келуіңізді сұраймыз.
Мен: Не болып қалды? Ол ауырып қалды ма? Әлде ауыр жарақат алды ма? Кезекшілігім біткенше бірнеше сағат күте аласыздар ма?
Ұстаз: Қызыңыз сыныптасын ұрып соқты. Сізге 45 минут бойы хабарласып ала алмай отырмыз. Бұл, расымен, маңызды шаруы болып отыр.
Мектепке келген соң бірден директордың кабинетіне кіргізді. Ол жерде қызым, сынып жетекшісі, директор, әлгі жігіт, оның ата-анасы отыр.
Директор: Келгеніңізге қуанып тұрмыз, ханым! Көп күттік!
Мен: Иә, жедел жәрдем бөлімінде жұмыс көп. Соңғы бірнеше сағатта жеті жастағы бүлдіршіннің терісін 40 жерінен тіктім. Артынша осы мәселеге байланысты полиция қызметкерімен сөйлесуіме тура келді. Кешіккенім үшін кешірім сұраймын.
Директор ұялып қалды. Бірақ, менен шынайы эмоциясын жасыруға тырысты. Кейін оқиғаны толықтай баяндап берді. Сыныптасы төстартқышына маза бермеген соң, қызым оны қатты ұрып жіберген екен. Олар әлгі балаға емес, менің қызыма қаттырақ ашуланып тұрғандай болды.
Мен: Түсінікті. Яғни сіздер мектептегі сексуалдық қысымға байланысты мына баланың және ұстаздардың, ата-анасының үстінен арыз жазып-жазбайтынымды білгілеріңіз келіп отыр ма?
Отырғандар қатты қобалжып кетті. “Сексуалдық қысым” сөзінен кейін барлығы бірдей сөйлеп кетті.
Ұстаз: Меніңше, бұл соттасуға тұратын жағдай емес.
Сынып жетекшісі: Түймедейді түйедей етпей-ақ қояйықшы.
Директор: Меніңше, сіз ситуацияны дұрыс түсінбей тұрған сияқтысыз.
Ұлдың анасы жылап жіберді. Мен қызымнан мән-жайды толығырақ білуге тырыстым.
Қызым: Ол төстартқышымның жібін қайта-қайта тарта берді. Мен одан доғаруын сұрадым. Қоймаған соң, ұстазға айттым. Ал ол кісі “Мән бермей-ақ қой” деді. Сыныптасым тарта беріп, төстартқышымды шешіп жіберді. Сол себепті, оны ұрмасыма болмады. Содан кейін ғана қойды.
Мен: Сіз осындай бассыздыққа жол бердіңіз бе? Сіз неге оны тоқтатпадыңыз? Бері келіңізші! Мен сіздің әуретті жерлеріңізді ұстап көрейін.
Ұстаз. Не?! Жоқ!
Мен: Яғни менің бұл әрекетім орынсыз ғой? Бәлкім мына ұстаздың төстартқышын тартып көресіз? Оған ұнай ма екен? Немесе мына баланың анасының төстартқышын тартып көріңіз. Немесе менікін. Сіз, расымен, бұл күлкілі деп ойлайсыз ба?
Директор: Ханым, сіздің қызыңыз екінші бір баланы ұрды.
Мен: Жоқ. Ол өзін сексуалдық қысымнан қорғады. Оларға қарашы! Жігіттің бойы екі метрден асады. Ал менің қызымның бойы – 168 сантиметр. Ол қызымның ұзын әрі салмағы екі есе ауыр. Сонда бұған қанша шыдауы керек еді? Ұстазы қорғамаған соң, осындай әрекетке барып отыр. Оның қатты тартқаны соншалық, қызымның төстартқышын шешіп жіберген.
Баланың анасы тоқтамай жылай берді. Ал әкесі ашуланып отырғандай болды. Ал мен директорға қарап отырдым.
Мен: Оны үйге алып кетемін. Ұлдарыңыз үлкен сабақ алды деген ойдамын. Дәл осындай жағдай ешбір мектепте қайталанбайды деген үміттемін. Мен бұл туралы Әкімшілікке хабарлаймын. Ал, сен бала, қызыма енді тағы да тиісетін болсаң, сексуалдық қысым көрсеткенің үшін сотталасың. Сен мені түсіндің бе?
Мен қатты ашуланып тұрдым. Қызым екеуіміз заттарымызды жинастырып, үйге қайттық. Кейін мен бұл оқиға туралы Әкімшілікке хабарлап айттым. Ол жерде жұмыс істейтіндерді танитын едім. Мұнымен қатар, бұл оқиға туралы OFSTED-ке хабарласып айттым. Олар бұл істі бей-жай қалдырмайтындарын мәлімдеді. Ал қызым басқа сыныпқа ауыстырылды.
Ал сіз қалай ойлайсыз, қыздың анасы дұрыс жасады ма?
Жіберіп алмаңыз:
26 жастағы азамат түрмеге түсу үшін полицейді сабап тастады
Қырғызстанда халықаралық террористік ұйымның мүшесі ұсталды
Үш баланың анасы өз өлімін видеоға түсірді (видео)
Алматы тұрғыны көлігін соғып кетіп телефон нөмірін қалдырған бейтаныс әйелге ризашылығын айтты