Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Анасы: Қызым шұжықтан ұшынып емес ауруханадан инфекция жұғып қайтыс болды

Қарағандыда қайтыс болған қыздың анасы бүлдіршін шұжықтан ұшынды дегенді жоққа шығарды.

Әйелдің сөзінше үш жасар қыз ауруханада жатып ішек инфекциясын жұқтырған.

Бүгін Қарағанды облыстық денсаулық сақтау басқармасында үш жасар қыздың мәйітіне жасалған медициналық сараптаманың қорытындысы айтылды. Үш жастағы Айзере Қақарманованың қайтыс болуына ішек инфекциясы себеп болыпты.

«Қызбен бірге анасы да үйден әкелінген шұжықты жеген. Екеуі де бірден жеген астарын қайтарған. Бұл аурудың белгілері жазылған құжатта көрсетілген»,-деді  облыстық  денсаулықсақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айжан Иса.

Ал қыздың анасы бұл болжамды мүлде жоққа шығарды.

«29 желтоқсан күні маған ешқандай да астан улану жоқ екені айтылды. Дәрігердің өзі анықтап берді. Мен ауруханада жатып, ауырып қалдым. Себебі онда суық.

Басымды жуып, суықтап қалғаннан жөтеліп, мұрным бітті. Ешқандай да астан ұшынып, құсу деген болған жоқ. Бүгін мәйітхана сараптамасын алдық. Онда қыздың ішек инфекциясын жұқтырғаны анық жазылған. Ешқандай да шұжықтың қатысы жоқ»,-дейді  қыздың анасы.

Дина аурухананың ластығы мен суығын айтады. Қызының сол жерден ауру жұқтырғанына да сенімді. Әрі дәрігерлер жылдам әрі нақты диагноз қойғанда баланы құтқарып қалуға болар еді деген пікірде.

«Мен өз ісіне немқұрайлы қарағандардың барлығын сотқа беруге дайынмын. Инфекциялық ауруханада болған бір біздің жағдай емес, бала өлімі көп екен.

Тағы бір айдан кейін медициналық сараптама қорытындысы шығады. Сол кезде барлығы нақтылана түседі. Әйтпесе дәрігерлер қолдан келгенін жасадық деп жалған айтып жатыр. Оларда баланы құтқарып қалуға 5 сағат уақыт бар еді»,-дейді  Диана Қақарманова.

Ол осы оқиға бойынша алға қойған жоспарларымен де бөлісті.

«Ертең инфекциялық ауруханаға барып  үйге шығару қағазын аламын. Қызымның дерті жазылған қағаздарды түсіріп алып, жинаймын. Медициналық сараптама қорытындысымен оған жасалған екпелерді салыстыратын боламыз»,-дейді әйел.

Оқи отырыңыз:

Биыл еліміздің он екі аймағында коммуналдық қызмет бағасы өседі

Жаңа жылдан бастап Қазақстанның төрт облысында газ қымбаттады

Қарағандылық кәсіпкер далада қалған отбасыға үш бөлмелі пәтер сыйлады (фото)

Кәсіпкер Қайрат Құдайберген қазақ қыздарының ақшаға шешінгеніне жігіттерді кінәлады

 

 

 

 

 

 

 

Талқылау