Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әншінің анасы: Гүлнұрды танымал еткен әуелі Алла, екінші – өмірлік жолдасы

Әнші Гүлнұр Оразымбетованың анасы үш ұлдан кейін дүниеге келген тұңғыш қызының өзінен 21 жас үлкен азаматқа тұрмысқа шығуын тағдыр жазуына балады.

13584153_1047174568686272_1819023903_n-1

«Бала шыр етіп дүниеге келген кезде маңдайына тағдыры, өмірі, келешек, болашағы жазылады екен. Үлкендер солай айтатын. Тағдыр жазды. Еліне елеулі, халқына қалаулы, үлкен қызметкер Серікбай Нұрғисаевқа тұрмысқа шықты», – деді Гүлнұрдың анасы Зираш Маханова Астана телеарнасының «Аналар» бағдарламасына берген сұхбатында.

Ел арасында өрбіген түрлі әңгімелерден мезі болған ана оған мән бермеуде үйренген.

«Айтқан ел айта берсін, қойған ел қоя берсін. Кімге не айтамын? Мынаған үйлене сал, ананың қызын ала сал дегенге балалар айтқан тілді алмайды. Мына маңдайға не жазады, соны көреді. Құдай қосты, мінеки, қосағымен қоса ағарып отыр. Бүкіл республикаға мәлім еткен әуелі Алла, содан кейін осы жолдасы. Секеңнің арқасы. Мың да бір ризамын Аллаға. Өзінен қанша жас үлкен деп кезінде туғанымнан да, туысқанымнан да әңгіме естідім. Сыртым бүтін, ішім түтін. Қімнің аузын тыямын?» – дейді ана.

Screenshot_2

Гүлнұрдың анасы. “Аналар” бағдарламасынан скриншот

10 құрсақ көтерген Зираш Маханованың бүгінде 7 перзенті өз алдына отау тігіп, отбасын құрған. Ал үшеуі жастай бұл өмірмен қоштасқан.

Бала күнінен әнге әуес болған Гүлнұр әжесінің тәрбиесін көрген. Тіпті, туған анасын «ана» деп атамайды екен. Зираш апай Гүлнұрдың бала күнінде болған мына бір оқиғаны еске алды.

«Медициналық анықтама толтыруға Аралға бардық. Жолдас қызы кездесіп қалды олимпиадаға бірге қатысқан. Екеуі әрнәрсені әңгіме қылып тұрғанда әлгі қыз: «Жаныңдағы анаң ба?» деп сұрады. Гүлнұр: «Жоқ» деп жауап берген кезде жүрегім зу ете шықты. «Айта салса несі кетеді екен» деп ойладым», – дейді ол.

Screenshot_3

Оразымбетованың әншілікке бет бұруына отбасы түгел қарсы болған. Алайда бала күнінен айтқан бетінен қайтпайтын, бірбеткей мінезге ие Гүлнұр ақырында өз мақсатына жеткен.

«Әнге кішкентайынан құмар болды. Бар ынтасы музыкада болды. Үйде радио тұратын, барып соның даусын шығарып кетеді, мен басып қоямын, ол қайта шығарып кететін. Басқа бөлмеге кетіп қалып, ән айтатын. Өлең айтпақ-ақ қойшы, өлеңі құрысыншы деуші едім. Әншілердің байқауы бар. Сол байқауға барып, Қызылорда облысына жолдама алды. Мен «бармайсың» деп рұқсат бермедім. «Барамын да барамын» деп қойғамаған соң жібердік. Ол жақта да «Әнші балапанға» қатысып, орын алып келді», – дейді ақжаулықты ана.

Жіберіп алмаңыз: 

Баян Есентаева адамдарды ұлт пен нәсілге бөлмеуге шақырды

Бейнебаян түсіруге ақшасы жетпеген Серікбол Сайлаубек қол жайып қайыр сұрады

Ләйлә Сұлтанқызы өзін жұмыстан шығартпақ болған журналиске жауап берді

Рүстем Әбдірашев “Қазақ елі” фильміне байланысты бар шындықты жасырмай жайып салды

Талқылау