Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Анастасия Заворотнюк: Дұға-тілектеріңіз бен мейірімдеріңіз үшін көп рахмет

Ресейлік актриса Анастасия Заворотнюк Жаңа жыл қарсаңында өзін қолдаған жандарға алғыс айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

АнастасияСурет: instagram.com/a_zavorotnyuk/

«Жаңа жылда Анастасия мен отбасымыздың атынан бәріңізге мейірім, денсаулық және береке тілейміз! Келесі жыл бақытқа толы болып, ізгі қалауларыңыз орындалсын! Настя бәріңізге сәлем жолдап, дұға-тілектеріңіз, мейірімдеріңіз үшін алғыс айтады! Бар жақсыны сіздерге және жақындарыңызға тілейміз! Бәріңізге рахмет», - деп жазды ол. 

Еске сала кетсек, бұған дейін Анастасия Заворотнюктің мидың қатерлі ісігіне шалдыққаны туралы қауесет тараған еді. Актрисаның көршілері оның толып кеткенін және басына орамал тағып алғанын айтыпты. 

STAN.KZ
Сәрсенбі, 01 Қаңтар, 2020 07:17
Талқылау