Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Дәрігер актриса Анастасия Заворотнюкке қойылған диагноздың мән-жайын айтты

Ресейдегі Бурденко атындағы нейрохирургия ҒМЗО президенті Александр Коновалов танымал актриса Анастасия Заворотнюктің диагнозының мән-жайын айтты. 

Дәрігер актриса Анастасия Заворотнюкке қойылған диагноздың мән-жайын айтты

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі «Москва 24» арнасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Коноваловтың сөзінше, актриса аурудың алғашқы белгілері байқалғанда ҒМЗО-ға жүгініп, тексеруден өткен. Мұнан кейін Германияда емделуді ұйғарыпты. 

«Ол жақта ота сәтті жасалды. Алайда ота маңызды болғанымен, ол ем-домның негізгі бөлігі емес. Одан кейін тағы қосымша ем алу керек болады», - дейді дәрігер. 

Ол отадан бөлек, сәулелендіру, химиотерапия және арнайы дәрі-дәрмек керегін атап өтті.

«Бұл белгілі бір ісікті емдеуге жарайтын жай ғана дәрі-дәрмек емес. Ем-домның бағасы да өте қымбат», - дейді Коновалов.

Сонымен қатар академик глиобластоманың ең қауіпті ісіктердің бірі екенін айтып, оны «емделмейтін ісік» деп атады. 

Еске сала кетсек, бұған дейін Анастасия Заворотнюктің мидың қатерлі ісігіне шалдыққаны туралы қауесет тараған еді. Актрисаның көршілері оның толып кеткенін және басына орамал тағып алғанын айтыпты. 

Ал әртістің ресми өкілдері бұған дейін оның дертке шалдыққаны туралы ақпаратты жоққа шығарған-ды.

Талқылау