"Анасына күнде қоңырау шалатын": Әпкесі браконьерлер қолынан қаза тапқан қорықшы туралы
Браконьерлер қолынан қаза тапқан "Охотзоопром" инспекторы Қаныш Нұртазинов туралы әпкесі сұхбат берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Sputnik.kz басылымына сілтеп.
"Анасы жұмысқа жібергенде, әрқашан алаңдап отыратын. Жұмысына кеткен 15 күн бойында одан қоңырау күтіп отыратын. Ұлы күніге қоңырау шалатын. Егер кенеттен анасы ұлымен байланыса алмай қалса, онда барлық отбасындағы жақындарына оған хабарласуды өтінген", - дейді қаза болған қорықшының әпкесі Жансая Нұртазинова.
Бүгін Жезқазғанда Қаныш Нұртазиновты жерлеу рәсімі өтті.
"Қазір оны өлімге өзіміз жібергендей күй кешудеміз. Жануарларды қорғау жолында өлді. Ол жануарлар мен табиғатты сүйді, біз осылай тәрбиеледік. Бірақ менің інімді қорғайтын бірде-бір заң мен адам табылмаған өте өкінішті. Болашақта ағамның әріптестері балалары мен анасының қорғау үшін үйіне оралғанын қалаймын. Мемлекет ағамның әріптестері мұндай қайғыны ешқашан бастан кешпеуі үшін бәрін жасағанын қалаймын", - деді қаза тапқан қорықшының әпкесі.
Қаза болған инспектордың артында бес ұлы мен аңырап қарт анасы қалды.
Туған-туыстарының айтуынша Қаныш Нұртазиновтың әкесі де жұмыста қаза болған. Ағайынды бес баланың ортасында тәрбиеленген ол әкесінен жастай айрылған. Өзі ортаншы ұл болған.
Естеріңізге сала кетейік, қайғылы оқиға 23 шілдеде Бірсуат ауылында болды. Ақмола облысында браконьерлер қолынан жараланған инспектордың бірі көз жұмды. Екінші жараланған инспектор ауруханада жатыр. Қаза болған Қаныш Нұртазиновті Тоқаев І дәрежелі "Айбын" орденімен марпаттаған еді.

Астана әкімдігі сенбілікте пластик жинағандарға қағаз салфетка таратқан: Экологтар бұның үлкен қате екенін айтып, дабыл қақты
