Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Анасы 30 жыл бойы ұлын үйқамақта ұстаған: Полиция оқиғаны тексеріп жатыр

Стокгольмде егде жастағы әйел және ересек ұлының денсаулығына зиян келтіргені үшін және күштеп бас бостандығынан айырғаны үшін қамауға алынды.

Болжам бойынша, ұлы шамамен 30 жыл бойы пәтерден шықпаған.

Оқиғада түсініксіз жайттар өте көп. Стокгольмдегі Expressen газетінің хабарлауынша, әйелдің туысы оның ұлын 20 жылдай көрмеген. Осы уақыттың ішінде ұл баланың тағдыры үшін алаңдағанын айтады.

Әйелдің ауырып, емханаға түскенін білген туысы серіктесімен бірге оның пәтеріне барды. Қараңғы пәтерден зәрдің иісі шыққан. Олар айқайлап сәлем бергенде, ешкім жауап бермепті. 

Кенет олар әлдеқандай шуды естиді. Ол үйінділердің үстінен өтіп, ас үйдің бұрышында еденде отырған ер адамды тапты. Әйел ер адамның бір тісі жоқ екенін, тізесіне дейін жара қаптап кеткенін байқайды.

Ер адам орнынан тұрып, әйелдің есімін қайталай бастады. Ол түсініксіз тілде  сөйледі, бірақ ер адам көп жылдар бойы көрмеген туысын бірінші болып таныды.

Осыдан соң туысы жедел жәрдем шақырады. Дәрігерлер 40 жастағы ер адамды ауруханаға жеткізіп, оқиға туралы полицияға хабарлаған. Стокгольм прокуроры Эмма Ольсон ер адамға ота жасау керек екенін айтты.

«Біз оның ұлының қанша уақыт қамауда болғанын анықтап жатырмыз, бірақ біз оны ұзақ уақыт болжаймыз», - деді полиция.

Билік Стокгольмнің оңтүстігіндегі Ханнинг маңындағы пәтерді мөрмен жауып, куәгерлерді іздеуде.

Анасы кінәсін жоққа шығарды. Оның не себепті бұлай жасағаны айтылған жоқ.

Ер адамды тапқан туысы Швецияның Қоғамдық Телевизиясына анасы жас кезінде бірінші баласынан айрылғанына қатты өкінгенін, екінші ұлына дәл осылай ат қойғанын және оны үнемі бақылауда ұстағысы келгенін айтты.

Талқылау