Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Анар, банан және құрма: жемістердің пайдасы мен оларды дұрыс таңдау әдісі

Қыс – сақталған жемістерді ғана тұтыну керек деген сөз емес. Суық ауа-райында да балғын әрі дәруменге бай жемістерді табуға болады,-деп жазды Stan.kz

банан

Анар

Темір анар дәндерінде алмамен салыстырғанда үш есеге көп екен. Сондықтан қыстың күні гемоглабиніңізді көтеру үшін балғын анар жеп немесе оның шырынын ішкеніңіз пайдалы. Бұл жемісте С дәруменінің мөлшері аздау. Бар болғаны 4мг. С дәруменіне лимон жемісі бай. Анармен салыстырғанда оның құрамында С дәрумені 40мг бұл дегеніңіз он есеге көп.

анар

Қалай таңдау керек

Анар таңдаған кезде оның сыртқы түсіне мән берудің қажеті жоқ. Себебі анар жемісінің де сан түрі бар. Кей анарлар піскен кезде де сырты қызармай тұра береді. Анар піскен кезде оның исі де шықпайды. Оданда анардың қабығын аршып, дәнін көріңіз. Анардың сырты бір тегіс әрі тығыздығы да бір қалыпты болса балғын болып есептеледі. Егер қабығы қатты болса ішіндегі дәні де куіңкіреп қалады. Ол дегеніңіз анар ағаштан үзілгеніне біраз уақыт өтті деген сөз. Егер анар қабығының бедері білінбей жұмсақтау келсе анар піспей тұрып үзілген деген сөз.

Кеңес
Анар шырынынан дәмді әрі пайдалы соус жасап тұтынуға болады. Бір стақан анар шырынына жарты стақан тал жаңғағын қосыңыз. Майдалап туралған кинза шөбі мен ащы бұрыш қоссаңыз, бұл соусты ет және балықтан болған тағамдарға араластырып тұтынса дәмі тіл үйіреді.

Тағы бір жайт
Анар шырынын ішкен кезде ауыз қуысында біраз ұстаңыз. Дұрысы тісіңізді бір шайып алыңыз. Анар органикалық кислотаға өте бай, ол жөтелге таптырмас табиғи емдік өнім.
Құрма

құрма
Қызғылт сары түсті құрма оның дәрумендерге бай екендігінен сыр шертеді. Сондықтан құрманы тұтынған кезде ағзада көздің нашар көруі мен онкологиялық аурулардың алдын алу жұмыстары жүргізіледі.

Қалай таңдаған дұрыс

Құрма ауыз қуырмауы керек. Дегенмен ондай түрлері де бар. Көптеген құрмалардың ауыз қуыруын әлі піспеген деп қарауға болады. Сондықтан құрманы алатын кезде сыртына көңіл бөліңіз. Қабығы жұқа әрі мөлдір болған сайын құрманың еті тәтті болады. Жемістегі тамыр сияқты сызығы көп болған сайын дәмді болады. Піскен әрі дәруменге бай құрманың түсі тоқ сары немесе қоңыршыл сары болады. Егер сіз «королек»деп аталатын құрманың таңдасаңыз оның түсі сүтті шоколадқа ұқсас келеді.

Кеңес

Егер қатты әрі ауыз қуыратын құрма алып қойсаңыз оны 3-4 сағатқа тоңазытқышқа қойып алыңыз. Мұздап кетеді десеңіз ала екеуін бір қалтада сақтаңыз. Құрма осы кезде тез піседі. Есіңізде болсын, алма кез келген жемісті бір қалтаға салсаңыз өзінен газ бөліп, тез пісіп кетуіне ықпал жасайды.

Есте сақтаңыз

Іш қатудан көп зардап шегетін адамдар піспеген құрманы тұтынбағаны жөн. Ауыз қуыратын құрма ішектердің жұмысын әлсіретеді. Ал таза піскен құрма керісінше зат алмасу қызметін жеделдетеді.
Банан

бананнн

Орташа көлемдегі бір банан В₆ дәруменінің тәулікке қажетті мөлшерінің 25 %-ын алуға болады. Калидің күнделікті қажетті мөлшерінің 13%-ын, күніне қажетті С дәруменінің 15% -ын, мыстың 10% -ын алуға болады.

Қалай таңдаған дұрыс

Бананның сары түсі қанық болған сайын оның құрамында қанты көп деген сөз. Сондықтан артық салмақтан арылғысы келетіндер толып пісіп жетілмеген жемістерді тұтынғаны жөн. Көк банан құрамындағы көмірсулар құрамында крахмал бар, ол аш ішекке сіңбейді, тоқ ішекке келген кезде пайдалы микрофлораға айналады. Үйренбеген адам көк бананды жеген кезде іші желденуі мүмкін. Сондықтан бір отырғанда ары кетсе екі көк банан тұтынған дұрыс.Егер жұмысқа қабілеттілігіңізді арттырғыңыз келсе керісінше пісіп тұрған бананды тұтыныңыз. Оның құрамындағы қанты адамның ми әрі физикалық жұмысына айтарлықтай күш береді.

Кеңес

Сатып алған бананды тоңазытқышта сақтаудың қажеті жоқ. Тропикалық кез-келген жеміс сияқты банан мұздай жерде тұрса табиғи дәмі мен дәрумендерінен айырылады. Ашылған бананды жеп қоймаса құрамы өзгереді.

Есте сақтаңыз

Көпшілік бананды аш қарынға жегенді ұнатады. Әрі бірнеше уақыт тоқтықты ұстайды деп түсінеді. Егер артық салмақтан арылуды жоспарлаған болсаңыз күніне 15г көмірсудан артық қолданбағаныңыз жөн. Бұл мөлшер орташа көлемдегі бананның жартысы деген сөз. Тұтастай бір бананды жеп қою,салмақ тастайын деп жүрген адамдардың бар әрекетін жоққа шығарады.

Оқи отырыңыз:

Ғалымдар жарманың арықтауға елеулі ықпал ететінін анықтады

Көк шайдың нақты қандай дертке дауа екенін білесіз бе?

Дәмі тіл үйіретін “майсөк” тағамының қалай жасалатынын білесіз бе?

Қасқыржем өсімдігінің тіс, бауыр және өзге де ауруларға қарсы емдік пайдасы

Талқылау