Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ғалымдар жарманың арықтауға елеулі ықпал ететінін анықтады

Америкалық диетологтар жарманың және одан жасалған тағамдардың арықтауға кәдімгідей әсер ететінін анықтай алды.

1486658384_ovsanaya-kasha

Ол туралы EurekAlert хабарлайды.

Автордың айтуынша, тазалаудан өтпеген және уатылмаған жарма дене массасын төмендетіп, жүрек-қан тамырлары ауруын азайтады екен.

Ғалымдар 40-65 жас аралығындағы 81 еріктіні сегіз апта бойы бақылаған. Алғашқы екі аптада қатысушылар шамамен бірдей өңделген өнімдер қабылдаған. Осыдан соң оларды екі топқа бөледі. Бірінші топ сол диета бойынша қалса, екіншілері өңделмеген асты қабылдай бастайды. Қалғандарында топ рациондары ұқсас болып қалған, тек ақуыз, май, көмірқышқыл бойынша теңескен.

Екінші топтағы қатысушылардың ішектерінде Lachnospiraceae бактериялары көп, Enterbacteriaceae бактериялары аз болған. Бірінші микроорганизмдер адам ағзасы үшін қолайлы болса, екіншісі қабыну процесін тездетеді. Сонымен қатар, ас өнімдерін тұтыну күнделікті рационның энергетикалық құндылығын жүз килокалорияға дейін төмендетеді.

Авторлар осы ретте ұн, бидай, күріш өнімдерін тұтынуға шақырады.

Оқи отырыңыз:

Қасқыржем өсімдігінің тіс, бауыр және өзге де ауруларға қарсы емдік пайдасы

Көк шайдың нақты қандай дертке дауа екенін білесіз бе?

Дәмі тіл үйіретін “майсөк” тағамының қалай жасалатынын білесіз бе?

Шығыс-тибет медицинасының жетекшісі әр күнге арналған пайдалы 10 кеңесін ұсынды

Талқылау