Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Анам жылап қалды": Серік Ибрагимовтың әйелі тойға келген қонақтарды таңғалдырды

Танымал әнші Серік Ибрагимовтың әйелі, блогер Айнамкөз Абдимаева тойда үнді биін билеп, көпшілік ықыласына бөленді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/ainamkoz_abdima/

Блогер келіншек бала күнінде би үйірмесіне қатысқанын айтты. 

“Сюрприз! 15 жыл үзілістен кейін сахнаға шығуым. Жақындарымнан ешкім білген жоқ. Тек 2-3 адамға айттым. Өйткені жоспар құру керек болды. Кұләш құрбыма рақмет! Екеуміз тығылып жүріп, 3-4 рет 2 сағаттан кездесіп репетицияға барып жүрдік. Жалпы көбі шок болды. Өйткені биші болғанымды естігенімен, билегенімді көрмеген. Тіпті жолдасым Серік те бірінші рет көріп тұр. Тосынсый орындалды! Анам жылап қалды”, – деп жазды блогер



Өнер иесі әйелінің талантына таңдай қағып, көпшілікпен бірге тамсанып жатыр. 

“Қатты таңғалып, шок болып отырмын. Хамза да “Мынау менің анам ба?” деп сұрап жүр” деп жазды әнші. 

Желі қолданушылары болса үлкен сахнада өнер көрсетуін тілеп, ризашылығын білдірді. 

“Керемет қимыл, үйлесімді қойылым болыпты”, “Үш баласы бар келіншек деп айтпайсың”, “Анаңызды қатты құшақтағанда жыладым”, “Серіктің реакциясын түсіріп алу керек еді”, – деп жазды оқырман қауым. 

Айта кетейік, "Табысымның бәрін әйелім ұстайды" деп Серік Ибрагимов ақшаға қатысты ойын айтқан еді. 

 

Талқылау