AAPL
149.64 $
4.08 %
TSLA
759.63 $
7.33 %
NDAQ
155.64 $
3.12 %
GOOGL
2246.33 $
4.2 %
FRHC
42.55 $
3.15 %
AAPL
149.64 $
4.08 %
TSLA
759.63 $
7.33 %
NDAQ
155.64 $
3.12 %
GOOGL
2246.33 $
4.2 %
FRHC
42.55 $
3.15 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әміре: Үйленгім келіп жүр, бірақ басым бос

Әнші Әміре өмірінің көп бөлігін шығармашылыққа арнағанын, жеке өмірі туралы ойлауға уақыты болмағанын мәлімдеді. Алайда 27 жасқа келген өнер иесі енді отбасын құруды ойлап жүр. Тек үйленетін қызы жоқ. Бұл туралы Әміре "Қызық LIVE" бағдарламасында айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

"Жұмыс деп жүріп, жеке өмір туралы ұмытып кетіппін. Осы уақытқа дейін "серьезный" кездесуге бармаппын. 2-3 жылдан бері өмірімде қарым-қатынас жоқ. 

Қыздар көп. Бірақ жүректі жаулап алатындай қыз жоқ. Соңғы рет қашан киноға барғаным есімде емес. Бірақ адам болған соң, қарым-қатынасты қалайсың. Жұмыстан шаршап келгенде, хабарласып: "Қалайсың? Бүгін не істедің?" - деп сұрағың келеді. Бірақ ондай адам жоқ. 

Бір қыз болды. Болмай қалды. Қазір басым бос. Махаббат сезімін сезінгім келеді, қарым-қатынасқа дайынмын. Үйленгім келіп жүр деуге де болады", - деп ағынан жарылды Әміре.



Әміре болашақ жарының қандай болуы керектігін түсіндірді.

"Үйде болмайтын адаммын. Нұр-Сұлтанда тұрамын. Анам: "Үнемі сыртта жүресің. Ертең қыз алсаң, айтып қой. Соған көнетін қыз болсын", - деп айтады. Соған көнетін қыз болса, тұспалдап жеткізсеңіздер, өзім хабарласамын", - деді әнші. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр