Америкалық 1978 жылғы телевизорды интернетке қосты
АҚШ тұрғыны 1978 жылғы телевизорға қосымша сымдарды тартып, ғаламторды еркін шарлау мүмкіндігіне ие болды. Енді ол ескі телевизордың экранынан YouTube арқылы видео көріп, түрлі әлеуметтік желі парақшаларында жұмыс істей алады.
Телевизорды басқару пульті ретінде смартфонды пайдаланады. Ол арқылы ескі телевизор экранындағы видеоларды ауыстырып, тоқтатып, даусын көтеріп,азайтуға болады.
Америкалық ескі көкжәшікті ойламаған жерден қоқыстан тауып алғанын айтқан. Азамат оны алып ғаламторға қосып көруді мақсат еткен. Бала күнінде үйіндегі телевизордың осындай болғанын да есіне алады.
Талқылау