Америкалық топ Абайдың әнін орындады
Американың музыкалық тобы Абайдың "Айттым сәлем, Қаламқас" әнін орындады. Қазақстандағы АҚШ елшілігі Facebook-тегі парақшасында видео жариялады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Нэшвиллден (Теннесси штаты) шыққан америкалық Humming House тобы Абайдың 175 жылдығына орай "Айттым сәлем, Қаламқас" әнін орындады.
2018 жылы бұл топ American Music Abroad бағдарламасының арқасында Қазақстанға, Абайдың туған жері - Семей қаласына келген.
"Бұл олардың қазақ әнін бірінші рет орындауы емес. 2018 жылы Humming House тобы "Наурыз" әнінің кавер нұсқасын әннің авторы Айдос Сағатпен бірге жазған еді", - делінген хабарламада.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”