Америкалық Time журналы Зеленскийді "Жыл адамы" деп атады
Time журналы Украина президенті Владимир Зеленскийді “Жыл адамы” деп жариялады. Америкалық Time журналының мұқабасында "Жыл тұлғасы. Владимир Зеленский және Украинаның рухы" деген тақырып жазылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Жыл қарсаңында Time журналы мен британдық Financial Times газеті Зеленскийдің Жыл адамы деп жариялады.
"Владимир Зеленский мен Украинаның рухы батылдық жұқпалы болуы мүмкін екенін дәлелдегені үшін, халықтар мен мемлекеттерді біріктіріп, бостандықты қорғауға бой көтергені үшін, әлемге демократия мен бейбітшілікті еске салғаны үшін Жыл тұлғасы деп жарияланды", – деп түсіндіреді журнал өкілдері.
"Биылғы таңдау біз үшін өте оңай болды. Украина үшін шайқас біреуді үмітке, біреуді қорқынышқа толтырады. Бірақ кез келген жағдайда Владимир Зеленский әлемді ондаған жылдар бойы ешкім шайқамағандай шайқады", – деп жазды журнал қызметкерлері.
Мақала авторының пайымдауынша, оның 24 ақпанда Ресей бомбалары құлай бастағаннан кейін Киевте қалып, әлемді Украинаны қолдауға шақырғаны ерекше әсер еткен.
Time журналы оның парламенттерге, Дүниежүзілік банкке, Грэмми рәсіміне қатысушыларға күнделікті бейне хабарламалар жолдауы оның азаматтық позициясын көрсетеді деп атады.
“Оның ақпараттық шабуылы геосаясаттың климатын өзгертті және әлемді қамтыған әрекеттер толқынын бастады", – дейді редакция.
Time журналы 1927 жылдан бері "Жыл адамын" таңдайды.
Жыл адамы 1999 жылға дейін бұл "Жыл ер адамы" және "Жыл әйелі" болды, бірақ бұл терминдер гендерлік теңдік шеңберіне сәйкес келмегендіктен, жалпыға өзгертілді. Бұл номинацияны адам, топ, қандай да бір идея және тіпті объект алуы мүмкін. Бастысы ол ең жақсы немесе тіпті жаман жағынан әлемге өзгеріс әкелуі керек. Адольф Гитлер, Иосиф Сталин және аятолла Хомейни сияқты жағымсыз тұлғалардың өзі өткен "жылдың адамдары" болды.
Таңдау редакторлардың құзыретінде.
Өткен жылы Тime нұсқасы бойынша "Жыл адамы" атағы Tesla және SpaceX-тің негізін салған Илон Маскқа берілді. Өйткені ол автомобиль және ғарыш технологияларының ілгерілеуіне үлес қосты.
Алдыңғы жылдары бұл атаққа эко-белсенді швед мектеп оқушысы Грета Тунберг, Дональд Трамп, Марк Цукерберг және 2007 жылы Владимир Путин ие болды.
Биыл "Жыл адамы" номинациясына үміткер болғандар – ҚХР төрағасы Си Цзиньпин, Илон Маск (өткен жылдың жеңімпазы), АҚШ жоғарғы соты, Республикалық партияның өкілі Рон Десантис және ирандық наразылық білдірушілер.