Америкалық боксшы Флойд Майвезер Фируза Шәріповаға кеңес берді
Қазақстандық кәсіпқой боксшы Фируза Шәріпов америкалық боксшы кіші Флойд Майвезердің өзіне құнды кеңес бергенін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Іnstagram.com/floydmayweather/sharipova_firuza
Экс-чемпион Флойд Майвезер Фируза Шәріпованың оқу-жаттығу жиынын өткізгенін көруге келген.
“2017 жылы Бокс академиясында ашық оқу-жаттығу жиынын өткіздім. Оны көруге Флойд Мейвезер келді. Сонда мен оған "Ұлы чемпион болу үшін не істеу керек?" деп сұрақ қойдым. Оның маған берген жалғыз кеңесі – "Өзіңізді дұрыс адамдармен қоршаңыз", – дейді отандық боксшы SPORT+-ке берген сұхбатында.
Еске салайық, Фируза Шәріпова кәсіпқойдағы соңғы жекпе-жегін 2022 жылдың желтоқсанында өткізіп, бокстағы мансабын аяқтады.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік
Алматының ауруханасында жұмыс істейтін дәрігерлер 160-250 мың теңге алады
Қазақстанда биыл БАҚ өкілдерін марапаттауға 35,2 миллион теңге бөлінген
Ал 2021 жылы журналистерді ынталандыруға тек 14,5 миллион теңге бөлінген

